Мектеп – барлық рухани өркениеттің ошағы. Білім ұясы – жан-жақты дамуға жағдайлар туғызатын, тұлғаның өз бетімен білімін жетілдіруіне жағдай жасайтын, таңдау мүмкіндіктерін туғызатын, еркін жəне шығармашылық тұрғыда қызмет жасауға мүмкіндік жасайтын білім ордасы.
Қазақстан Республикасының Президентінің тапсырмасына сəйкес «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 2023-2025 жылдарға Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты 10 мектептің 4-нің құрылысы басталып, 2024 желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланған. 2025 жылы қалған 6 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілетін болады. Ауданымызда жаңа мектептерді салумен қатар, ескі ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізіп, оларды заман талабына сай қайта жабдықтауға да баса назар аударылып отыр. Атап айтсақ, 2022 жылы 3 мектептің (No23 Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – 300 орындық, No40 Н.Əбдіров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – 200 орындық, No50 Б.Омаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – 300 орындық) құрылысы басталып, No23 «Ғ.Мұратбаев» жалпы орта білім беретін мектеп 2023 жылдың қыркүйек айында жəне No50 «Б.Омаров» ЖОББМ 2023 жылдың желтоқсан айында берілді. Ал No40 «Н.Əбдіров» негізгі орта білім беретін мектеп 2024 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілуде.
Балаларға ғылым негізін үйретіп, адамгершілікке тəрбиелейтін мектеп ішіндегі негізгі тұлға – ол əрине, мұғалім. Өйткені ол мектеп есігін ашқан жеткіншекті мəдениетті, идеялы, қажырлы жəне табанды етіп қалыптастырады. Сарыағаш ауданының білім беру ұйымдарында «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының озық педагогикалық тəжірибесін тарату жəне жаңартылған білім беру мазмұны аясында «Lesson study», «Іс-əрекеттегі зерттеу» сабақтарын ұйымдастыру мақсатында жетекші мектептер мен оларға серіктес мектептер бекітіліп жұмыстар жүргізуде. Мектептерде шығармашыл (шебер, зерттеуші, сарапшы) мұғалімдерден «Lesson study», «Іс-əрекеттегі
зерттеу» бойынша зерттеу топтары құрылды. Сондай-ақ, оқу-жылының қорытындысы бойынша төмен нəтиже көсеткен нысаналы сыныптарда зерттеу тақырыптары мен зерттеу сұрақтары анықталды. «Lesson study», «Іс-əрекеттегі зерттеу» сабақтарын іске асыру бойынша іс-шара жоспарлары нəтижесінде біршама ілгерілеу орын алды. Атап айтсақ, нысаналы сыныптардың білім сапасы артты, мұғалімдер арасында өзара тəжірибе алмасу орын алды, бірлесіп бір мақсатта жұмыс жасау жүзеге асты.
Оқушылардың шығармашылығын дамыту бағытындағы түрлі білім додаларына қатысқан оқушыларымыз аудан намысын қорғап облыс, республика көлеміне қатысып жүлделерге ие болды.
Атап айтсақ, Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты мектептерден 5-11 сынып оқушылар арасындағы республикалық пəн олимпиадасының облыстық кезеңіне 80 оқушы қатысып, 40 оқушысы жеңімпаз атанды.
Оқушылардың дарынын оятуда ғылыми жоба байқауының маңызы зор. «Зерде» тобы жəне жоғары сынып оқушылары арасындағы ғылыми жоба конкурстарына ауданнан 46 оқушы қатысып, 24 оқушы жүлдегер атанды. Республикалық кезеңге өткен 3 оқушының екеуі жеңіспен оралды.
ХХІ ғасыр – білім мен ғылым ғасыры. Заман талабына сай бəсекеге қабілетті, ұлттық құндылық- тың туын биік ұстайтын жас ұрпақты тəрбиелеу – маңызды міндет. Аудан мектептеріндегі 11 сынып бітірушілерінің 2670-і ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырды. ҰБТ-ден өткен 2389 оқушы ЖОО түсіп, олардың 910 оқушысы грант иегері атанды, «Серпін- 2050» бағдарламасы бойынша 54 оқушы жəне шет мемлекеттерге 23 түлектеріміз жоғарғы оқу орындарына түсті.
Бүгінгі жас – ертеңгі елдің тірегі, келешектің келбеті. Сол себепті олардың білімді, алғыр, бəсекеге қабілетті болып өсуі ел дамуындағы аса маңызды фактор. Еліміздің болашағын тəрбиелеудегі еңбектеріміз еселене берсін. Жаңа оқу жылы табысты,жемісті жыл болсын!
Акатов Дəулет Анасұлы,
Сарыағаш ауданының білім бөлімінің басшысы