Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Осы ретте Президентіміз «Мен, сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тəуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер жəне сонда ержетіп келесіздер. Сіздер жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу жəне гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын жəне табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», — деген сөзі мемлекеттің жəне ұлтымыздың болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.
Бүгінде цифрлық технологияларды, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану – негізгі талаптардың бірі. Бұл əрбір білім алушының, педагогтың жəне білім беру ұйымының оқу процесін жетілдіру үшін қажет. Мемлекетімізде цифрландыру жүйесі қарқынды дамып келеді. Осы ретте, даму көшіне ілескен Сайрам ауданы бойынша мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, яғни, балабақшаға кезекке қою, оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау, педагогтардың аттестациясы, сонымен қатар, цифрлық білім беру платформалары, ақпараттық электрондық журнал жəне «Қауіпсіз мектеп» автоматтандырылған жүйесі жүзеге асырылып жатыр.
Сайрам ауданында биылғы оқу жылында 205 білім беру мекемесі жұмыс атқаратын болады. Оның ішінде 74 мемлекеттік, 25 жекеменшік мектеп бар. Сонымен қатар, 11 мемлекеттік, 92 жекеменшік балабақша жұмыс істейді. Одан бөлек, 3 қосымша білім беру мекемесі қызмет етеді.
Алдымен, аудан бойынша 1-6 жастағы бала саны 43322 баланы құрайды. Бүгінгі таңда 14040 орындық 103 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс арқылы 13976 бала тəрбиеленуде. Олардың ішінде 11 мемлекеттік мекемеде 1680 бала, 92 жекеменшік мекемеде
12296 бала қамтылған.
2023-2024 оқу жылында 11 сыныпты 3631 оқушы бітірсе, 151-і «Алтын белгі» иегері, 338-Үздік аттестат иегері атанған. 3631 бітірушінің 2066-сы ҰБТ тапсырып, 960-ы мемлекеттік грант иегері атанса, «Серпін» бағдарламасы арқылы 129 оқушы грантқа оқуға түскен.
2024-2025 оқу жылында 66750 оқушы білім алады деп жоспарлануда, былтырғымен салыстырғанда 1402 оқушыға артып отыр. Биылғы оқу жылында 1- ші сыныпқа қабылданатын бала саны — 7213 болды.
Білім күніне орай, Қарабұлақ ауылында тағы да жекеменшік мектеп балалар үшін есігін айқара ашатын болады.
Аудан мектептерімен жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша «Мектептегі 1 күн», «Математика пəнінен «100 есеп», «Жаратылыстану бағытындағы пəндерге STEM білім беруді енгізу» жобалары жүзеге асты.
«100 есеп» жобасы No33 Н.Шойынбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында 5 мектептің оқушылары арасында өтті. Жоба аудан көлемінде қорытындыланып, мақсатына жетіп, қатысқан оқушылардың математикалық білімін көтеруге ықпал етті.
Жол картасы аясында Lesson Study тəсілін пайдаланып, тəжірибелі мамандарды кəсіби жетілдіруге бағытталған ресурстық орталық ретінде 2 мектеп бекітілген.
Осыған орай, «Білім беруді дамыту орталығы» КММ «Заманауи білім берудегі Lesson Study тəсілі» айлығының жұмыс жоспары аясында Lesson Study зерттеу сабақтарын іске асыру мақсатында No67 «Көмешбұлақ» жалпы білім береретін мектепте «Педагогикалық тəсілді іс жүзінде қолдану», No4 мектеп-гимназияда «Lessen study сабақтары барысында білім алушылардың ойлау дағдыларын зерттеу» тақырыптарында аудандық семинар өтті.
Өңір педагогтерінің кəсіби дамумен қатар көркем ой мен сыни ой тұрғысынан дамуын арттыру мен халықаралық PISA, PIRLS зерттеулеріндегі оқылым дағдысының көрсеткішін жақсарту мақсатында «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында «KitapХАН@» кітап оқу жобасы ауданымызда 31587 оқушы, 1243 педагог, 34 мектеп басшысы қатысты. Айлық, апталық, жылдық жеңімпаздары облыстық деңгейдегі байқауда бақ сынасып, марапатқа ие болды. Аталмыш жоба аясында кітап оқу белсенділігі 70 пайызға артты.
Мектеп түлегінің пəндік, метапəндік жəне базалық құзіреттіліктерін қалыптастыру бойынша жоғары, техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарымен бірлесіп, атқарған ғылыми зерттеу жұмыстарының нəтижесінде 2023-2024 оқу жылында жалпы жүлделі І орынды — 1, ІІ орынды — 9, ІІІ орын – 10, мақтау жəне алғыс хаттармен – 7 оқушы иеленді.
Білім беру ұйымдарының 9,10,11 сынып оқушыларына кəсіптік бағдар беру бағытында «Өскенде кім боласың» жобасына қатысқан білім алушылар үлесін арттыру бойынша жаңа оқу жылында 6536 түлекті қатыстыру көзделуде.
Жасөспірімдеріміз спорттық жарыстарды бірнеше жүлделі орындарды олжалады. Атап айтсақ, облыстық Ұлттық мектеп лига жарысына ауданнан 10 команда қатысып, оның ішінде 7 команда жеңімпаз атанып, республикада облыстың намысын қорғады. Нəтижесінде No10 «Қарабұлақ» жалпы білім беретін мектеп ұлдар командасы баскетболдан 1-орын, «Айша бибі» жалпы білім беретін мектеп қыздар командасы футболдан 1-орын, No96 жалпы білім беретін мектеп қыздар командасы волейболдан 1-орын, Далабазар жалпы білім беретін мектеп қыздар командасы баскетболдан 3-орын, No89 Қайнарбұлақ жалпы білім беретін мектеп ұлдар командасы волейболдан 3-орын иеленді.
Облыстық «Айбын-2024» əскери патриоттық жиынына ауданымыздың No45, No96, No14 М.Сапарбаев атындағы жалпы білім беретін мектептен құралған құрама команда қатысып, 1000 метрге жүгіруден І орын, 3000 метрге жүгіруден ІІ орын, арқан тартудан ІІІ орын, мылтық атудан ІІІ орын иеленді.
Биылғы оқу жылында бірінші рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пəндер бойынша республикалық олимпиа- даға ауданнан 1204 оқушы қатысып, облыстық кезеңнен 90 оқушы І орын, 158 оқушы ІІ орын, 249 оқушы ІІІ орын, жалпы 497 оқушы жүлделі орын иеленіп, 4 оқушы республикалық кезеңге жолдама алып, 1 оқушы 2 орын, 2 оқушы мадақтамамен оралды.
9-11 сынып оқушылары үшін пəндік олимпиа- далардың аудандық кезеңіне 1098 оқушы қатысып, оның 500-і марапатталса, облыстық кезеңіне 46 оқушы қатысып, оның 17-і жүлделі орындарды
иеленді. Республикалық кезеңіне 2 оқушы жолдама алып, 1 оқушы мақтау қағазымен оралды.
5-6 сынып оқушыларына арналған Республика- лық олимпиадасының облыстық кезеңіне ауданы- мыздан 16 оқушы қатысып, 5 оқушы жүлделі орын, 3 оқушыалғысхатпенмарапатталды.
7-8 сынып оқушыларына арналған Республика- лық олимпиадасының облыстық кезеңіне ауданы- мыздан 24 оқушы қатысып, 9 оқушы жүлделі орын, 1 оқушы алғыс хатпен марапатталды.
«Бастау» бастауыш сыныптар арасында өтетін математикалық турнирінің аудандық кезеңіне 230 оқушы қатысып, 6 оқушы облыстық кезеңіне қатысып, 3-уі 1-ші орын иеленді. Олар: No33 Н.Шойынбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп, No93 Абылайхан жалпы білім беретін мектеп М, No12 Т.Рүстемов атындағы мектеп-гимназия оқушылары, «Ең үздік команда» атағына ие болды. Н.Шойынбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 4 сынып оқушысы республикалық турында 1-ші орын алып Астана қаласындағы марапаттау салтанатына қатысты. Сонымен бірге бастауыш сыныптар бойынша əдіскер Ж.Шадманов республикадан «Үздік команда» номинациясын иеленді.
«Мың бала» олимпиадасының облыстық кезеңіне 6 сынып оқушыларынан 3747 қатысып, жоғары нəтиже көрсеткен 194 оқушы республикалық турына қатысып, жеңімпаз атанған 26 оқушы РФММ, БИЛ, НЗМ, Дарын мектептеріне оқу грантына ие болды. Бұл республика бойынша 1000 баланың 2,6 пайызы, облыстан шыққан 290 баланың 9,6 пайызы.
Аудандық ғылыми жобалар жарысы өтіп, оған 108 оқушы қатысса, оның 25-і облыстық турына жолдама алды. Астана қаласында өткен «Ғылым əлемін ашамын» ғарыштық зерттеулер бойынша халық- аралық ғылыми жарысқа No29 К.Тіленшин ЖББМ- нің 10-сынып оқушысы Ш.Темірбек қатысып, арнайы сертификат алды.
Жас суретші No41 М.Оразалиев атындағы ЖББМ- нің оқушысы Кəусар Нұрланқызы Түркия мемлеке- тіндегі өткен халықаралық балалар фестивалінде бейнелеу өнерінен бас жүлдеге ие болды.
Осының бəрі – ұстаздарымыздың тынымсыз еңбегінің жемісі. «Ұстаз – ұстаз емес, өз шəкірті үшін күймесе, шəкірт – шəкірт емес, өз ұстазын сүймесе» дегендей, əр шəкіртіне рухы биік кемеңгерлік пен даңқы асқан парасаттылыққа жетудің сара жолын үлгі етіп келе жатқан ұстаздарымызға қандай мақтау айтсақ та лайықты.
Аудандық білім бөлімі жаңа оқу жылында айтулы жетістіктерге қол жеткізу бағытында жұмысын жалғастыратын болады.
Ахметов Бауыржан Талғатұлы,
Сайрам ауданының білім бөлімінің басшысы