Мектеп – барлық рухани өркениеттің ошағы. Білім ұясы – жан-жақты дамуға жағдайлар туғызатын, тұлғаның өз бетімен білімін жетілді- руіне жағдай жасайтын, таңдау мүмкіндіктерін туғызатын, еркін жəне шығармашылық тұрғыда қызмет жасауға мүмкіндік жасайтын білім ордасы болуы тиіс.
Білім бөлімінің басты міндеті – ең алдымен, саналы да ұлтжанды ұрпақты тəрбиелеп шыға- ратын білім ұяларымен тікелей жұмыстар атқару. Бүгінгі жаһандану заманында білім беру ісінде, жас ұрпақты тəрбиелеуге жаңа көзқарастар пайда болды. Тəуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мəртебесін арттырып, əлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпаққа білім беру мəселесіне ерекше көңіл бөлініпотыр.Мектепболашаққабастайтын,рухани азықтандыратын алтын ұя болса, ал мұғалім – сол шаңырақтың тірегі, сүйеніші.
Түркістан облысы Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты жалпы 78 мектеп бар оның 60-ы жалпы орта, 5-і негізгі, 6-ы бастауыш мектеп 4-і жекеменшікті жəне 2-і облыстық дарын мектептері болса, 1-і санаторий типтес мектеп-интернаты бар. Олардың ішінде: 60-ы типтік ғимаратта, 11-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Аудан көлемінде жалпы оқушы саны – 31 937. Білім бөліміне қарасты 71 мектепте 28412 оқушы, мектепалды даярлықпен қоса есептегенде 30 501 оқушы білім алуда. Ағымдағы жылы 1832 оқушы 11 сыныпты аяқтады. Аудан орта білім мекеме- 2-ші-орын иеленді. «ПОЭЗИЯ ƏЛЕМІ» облыстық байқауында 2 мұғалім -ІІІ орынды қанжығасына байласа, «Жаңашыл қосымша білім беру педагогы» байқауының облыстық кезеңі бойынша ІІІ- орын. Облыс педагогтары арасында өткен «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының облыстық кезеңінде 6-(ІІ-2; ІІІ-3; м/қ- 1;) педагог жүлдемен оралды. Информатика пəнінің мұғалімдері арасында өткен облыстық «ROBOTUR» байқауында ІІІ орынмен марапатталса, Облыстық «Инновациялық менеджмент: трендтер мен перспективалар» тақырыбындағы онкүндікті қорытындылау мақсатында ұйымдастырған MODERN TEACHER FEST TURKISTAN-2023 (ТҮРКІСТАННЫҢ ЗАМАНАУИ МҰҒАЛІМДЕР ФЕСТИВАЛІ-2023) облыстық фестивалінде өткізілген «Ұстаздар guizi» зияткерлік ойынында ауданымыздан барғанпедагогтеріміз жүлделіІІІорынғаие болды.
2023-2024 оқу жылында оқушылардың ғылыми шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастыру жəне білімге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ауданда түрлі бағыттарда сайыстар, байқаулар жəне пəндер бойынша олимпиадалар ұйымдастырылып, оған 7000-ға жуық оқушы қатысты,оныңішінде 912-іоблыстықкезеңгежолдамаалды,сол байқаулардың облыстық кезеңінен 400-ге жуық оқушы жеңімпаздар қатарынан көріне білді. Онымен қоса Қырғызстан Республикасы Бишкек қаласында өткен Халықаралық «Алтын Жұлдыз» байқауынан «Балауса» халықтың би ансамблі І-орын, ЕсімханЖəңгірханвокалбағытынан басжүлдеменоралды.
Алматы қаласында өткен республикалық «Almaty Tech Cup X» робототехника жəне инновациялық технологиялар бойынша Х дүбірлі ашық чемпионатында Қазығұрттық оқушылар командалық есепте 1-ші орын иеленді жəне Қырғызстан елінде өтетін чемпионатқа жолдама алды.
Ал спорт бағытына келсек Қалмурзаев Саят қазақ күресінен Қазақстан чемпионатында ІІ орынға, Сейдахмет Ясин Дзю-до бойынша Атырау облысында өткен республикалық кезеңде ІІІ орынға, Кикбоксингтен республикалық сайыста 33-78 кг аралығында бақ сынасқан 10 оқушымыз жүлделі І, ІІ жəне ІІІ орындарды иемденіп, ауданымыздың мерейін үстем етті. Дзюдо күресінен өткен сайыстарда: Турция мемлекетінің Анкара қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы дзюдо күресінен 2 оқушы (І-орын 2); Россия мемлекетінің Орынбор каласында өткен дзюдо күресінде 2 оқушы (ІІІ орын-1, І-орын-1) Тажикстан мемлекетінің Ходжент каласында өткен дзюдо күресінде 5 оқушы (ІІ орын-2, ІІІ орын-3), Өзбекстан мемлекетінің Ташкент каласында өткен дзюдо күресінде 1 оқушымыз (І орын-1), Өзбекстан мемлекетінің Андижан каласында өткен дзюдо күресінде 2 оқушымыз (І- орын-1, ІІІ-орын-1) еліміздің абыройын көтеріп қайтты.
Міне, Еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар, Отанын ғаламдық дамудың көшінен қалдырмай, өрге шығарар азамат тəрбиелеу ұстаздарға жүктелген аса маңызды да жауапты міндет. Осы абыройлы борыш үдесінен табылып, жаңа заманның ауыр жүгін қайыспай көтере білген көшбасшы ретінде ауданымыздың мəртебесін асқақтатып, əрдайым биіктерден көрінуіне өз үлесімдіқосамын. Өз ауданымның ұстаздары бала бойына жан- тəнімен білім мен тəрбиені қатар сіңіре отырып, үлкен өмірге шыныққан, шымыр шəкірт тəрбиелеуде деп шын сеніммен айта аламын.
Абдиев Бахтияр Сапарұлы,
Қазығұрт ауданының білім бөлімінің басшысы