Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Барлық өркениет атаулының өзегі білім, ғылым, тәрбие екендігі ақиқат. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті – өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.
Кентау қалалық білім бөлімі 3 бағыттағы құрылымнан және 30 мектеп, 32 мектепке дейінгі, 3 мектептен тыс мекемеден тұрады.
2024-2025 оқу жылын 30 мектеп (24 мемлекеттік, 6 жекеменшік), 32 мектепке дейінгі мекеме (14 мемлекеттік, 18 жекеменшік), 3 мектептен тыс мекемемен бастайды.
Білім бөліміне қарасты 24 мемлекеттік 6 жекеменшік мектепте 21 631оқушы білім алады. Ондағы жалпы педагогтер саны – 1905. Мемлекеттік мектептің 23-і типтік үлгідегі, 1 мектеп ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан.
Кентау қаласы бойынша 2023 жылы 32 мектепке дейінгі ұйымдар бар. Онда 1-6 жас аралығындағы бала саны — 5704.
Оның ішінде: 14 мемлекеттік балабақшада –1-6 жас аралығындағы бала саны 2389
19 жекеменшік балабақшада -1-6 жас аралығындағы бала саны — 3315
Мектепке дейінгі ұйымдарда 1-6 жас аралығында 7117 бала қамтылып, ол 95,5 %. Мектепке дейінгі ұйымдарда жоғарыда айтылғандай 560 педагог жұмыс жасайды.
1-6 жастағы кезекте тұрған бала саны 235, (оның қаладағысы 105, ауылдағысы 130) Мектепке дейінгі ұйымдардағы жалпа педагогтар саны — 560.
Білім бөлімінде:
-3 мемлекеттік қызметкерлер (1 басшы, 2 бас маман);
-әдістемелік кабинетте 16 әдіскер;
-орталықтандырылған есеп-қисап бөлімі және жан басына шаққандағы есеп-қисап бөлімі жұмыс жүргізеді.
«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде 2023-2025 жылдары қаламызға жобалық қуаттылығы 1200 және 900 орындық 2 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған, олар «Шұғыла» және «Қаратау» мөлтекаудандарында салынады.
«Жайлы мектеп» жобасы аясында құрылысы 2024 жылға жоспарланған 2 мектептің жер мәселесі шешіліп, қала әкімінің қаулысымен «Самрұқ-Қазына» ӘҚ-сына өткізілді.
Инклюзиялық білім беру бойынша мектепке дейінгі ұйымдарды тәрбиелеу және оқыту жағдайларын жасау – 35,5%, ал жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беруді дамыту үшін жағдайларды жасау – 91,3% құрады.
Қазіргі таңда инклюзивті қолдау кабинетінде 24 оқушы білім алуда. Кабинет ашылғалы мұндағы балалар санының артуына және қажеттілікке байланысты Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектеп базасынан инклюзивті қолдау кабинетін ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ерекше қажеттілігі бар балаларды оқыту- ел үшін басты міндеттердің бірі. Бұл әркім өз іс- әрекетінің меншігі мен маңыздылығын сезінетін шын мәнінде инклюзивті қоғам құрудың алғы шарты болып табылады.
Ерекше оқытуды қажет ететін оқушыларға түзету-дамыту бойынша 7 сынып ашылған, онда 68 оқушы білім алды, 24 оқушы ықпалдастыра оқиды және мектептер мен бала бақшаларда 6 логопункт кабинеттер бар, онда 65 бала қамтылған. Олармен арнайы мамандар жұмыс жасайды.
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен дамытудағы маңызды және жауапты сала болып табылады. Ол кәсіпқойлықты, шыдамдылықты және әр балаға жеке көзқарасты талап етеді. Қолайлы білім беру ортасын құру және әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану баланың өз мүмкіндіктерін ашып, таңдаған саласында жоғары нәтижелерге жетуіне мүмкіндік береді.
«Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» — деп Ж.Аймауытов айтқандай заман ағымына қарай мұғалім үнемі ізденісте болуы керек. Ұстаз әр кез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады. Оқушыны қызықтыра алып, сабақты қызықты етіп өткен біздің ұстаздарымыздың 2023-2024 оқу жылындағы нәтижесі де айтарлықтай.
Білім саласында бүгінгі күні алдына жаңа талап қойып, Білім беру жүйесін жаңарту шарттарын ұстанып, жаңаша ізденістермен жұмыс атқарып келе жатқан білім ұйымдарымыз бен ізденімпаз ұстаздарымыздың да жұмысын мақтаныш тұтамыз! 2023-2024 оқу жылын сәтті аяқтай отырып, Кентау қалалық білім бөліміне қарасты мектептердің білім сапасы өз деңгейін жоғарыдан көрсетті. Түркістан облысы бойынша жалғыз Кентау қаласы ғана білім сапасының нәтижесімен нысаналы, мақсатты мектептердің қатарына енбедік. Себебі, білім сапасын жоғары көрсеттік (білім сапасы 40% төмен болса нысаналы, мақсатты мектептер қатарына енеді).
2023-2024 оқу жылында мектептердегі үлгерім пайызы – 100%, білім деңгейінің орта баллы – 4 балл, білім сапасы – 57,3% құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5% жоғары.
«Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қаріп» деген емес пе, сөзге шешен дана халқымыз. Ертеңгі күннің еншісі – бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің өлшемімен таразыланады. Бұл ретте, барлық үміт – ұстаз бойындағы міндетте. Өнегелі ұстаздан өрелі шәкірт шығатыны белгілі. Себебі ұстаз қаншалықты қабілетті болса, оқушы да соншалықты талапты болмақ. Ұрпақтың жұлдызын жағып, мәртебесін биіктететін де, тағлымын қалыптастырып, танымын кеңейтетін де осы ұстаным.
Қала бойынша 2023-2024 оқу жылында 928 түлек (741 түлек мемлекеттік 23 мектепте, 187 түлек 2 жекеменшік мектепте) мектеп бітірді. Жалпы орта балл — 86,5 құрады.
Дарынды оқушылар – ел болашағы, келешегіміздің үміті. Білім бәсекесінде биіктен көріну, мақсатқа қол жеткізу – озат оқушының арманы, ұстаздың жетістігі. Арманына қанат байлаған сондай білімді оқушының бірі – Кентау қалалық білім бөліміне қарасты «Грант» жекеменшік мектебінің 11«Г» сынып оқушысы (алғашқы 10 жыл бойы білім алған мектебі «Ю.Гагарин» атындағы №16 мектеп-лицейі) Қожанов Айдос. Түркістан облысы бойынша 2023-2024 оқу жылында Қожанов Айдос ҰБТ тапсыруда ең жоғарғы 138 баллды жинады.
2023-2024 оқу жылында бітіруші түлектер арасында 45 оқушы «Алтын белгі» иегерлері, 30 оқушы «Үздік аттестат» иегерлері болды. Ерекше білімдерімен ерекшеленіп, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсеткен «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» иегерлері 100 пайыз грант иегерлері атанып, еліміздің түрлі жоғарғы оқу орындарына түсті.
Жыл сайын оқушылардың ғылыми шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастыру, ғылымға деген қызығушылықтарын дамыту мақсатында атқарылған жұмыстар нәтижесінде жаңа серпілістер байқалады. Оған дәлел: жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалық кезеңіне 5-6 сыныптардан 310 оқушы қатысты. 5-сыныптан – 153 оқушы, 6-сыныптар — 157 оқушы қатысты. Облыстық кезеңге -18 оқушы қатысып: I орын-1оқушы, II орын-1 оқушы, III орын-1 оқушы жеңімпаз атанды.
7-8 сынып оқушыларына араналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне 539 оқушы қатысты. Облыстық кезеңге 27 оқушы өтіп,13 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
9,10-11 сынып оқушылары арасында өткен пән олимпиадасына 767 оқушы қатысты. Жалпы жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша 327 оқушы (43%), жүлделі орын 87 оқушы Алғыс хатқа ие болды. жаратылыстану бағыты бойынша 170 оқушы жүлделі орын алса, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 157 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Облыстық кезеңге қатысқан 43 оқушының 33-і жүлделі орындарды иеленді. Ал республикалық кезеңге қатысқа 6 оқушының 3-уі жақсы нәтиже көрсетіп жүлделі орындар иеленді.
Қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға байланысты ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасы биылғы қараша және 2024 жылдың қаңтар айлары аралығында алғаш рет өткізілді. Мұндағы мақсат – еліміздің шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтап, дамыту, халықаралық олимпиадаларға қатысуға ынталандыру. Олимпиадаға ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға 360 оқушы тіркеліп, 139 оқушы жүлделі орын иеленді. Облыстық кезеңіне қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 105 оқушы: 9-сыныптан – 36 оқушы; 10-сыныптан –37 оқушы; 11-сыныптан – 28 оқушы қатысты. Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 125 оқушы: 9-сыныптан – 62 оқушы; 10-сыныптан – 34 оқушы; 11-сыныптан – 29 оқушы қатыстып, Республикалық кезеңге жолдама алды. Республикалық олимпиадаға қатысқан 9 оқушыдан, 4 оқушы жүлделі I орын иеленіп, 1 оқушы II орын, 1оқушы III орын иеленді.
2023 жылдың 20 қыркүйек күні мемлекеттік тілде оқытылатын 8-10 сынып оқушылары арасында «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде республикалық балалар оқулары конкурсының қалалық кезеңі өтіп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған оқушылардың арасынан облыстық кезеңге Б.Момышұлы атындағы №12 мектептің 8-сынып оқушысы Өтенбек Еркежан, Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Жақып Жанерке, Ш.Қанайұлы атындағы №2 мектептің 10-сынып оқушысы Ширимбекова Арайлым жолдама алды. Өзінің білімділігі мен зеректігін танытқан Ширимбекова Арайлым. Республикалық кезеңде де алғашқылардың бірі болып, топ жарып жүлделі I орынды иеленді.
«Әр істің өз іргетасы бар» дегендей, әр оқу жылының өз жоспар – жобасы, өз мақсаты болуы заңдылық. Жас жеткіншек ұрпаққа білім мен тәрбие беруші ұстаздар қауымымен бірге басты айқындалған міндеттермен, негізгі мәселелермен ой түйіндеп, пікір алмасып, білім сапасын, тәрбие саласындағы жұмыстарды жүргізетін, үйлестіретін, бағыт беретін – бұл ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ. Ендігі кезекте осындай үлкен істі атқаратын кабинет қызметіне тоқталып өтейін.
Әдістемелік кабинеттің жылдық жоспарына сәйкес түрлі жобалар іске асырылуда. «Мен шақырамын, әдіскер шақырады!», «Әдістемелік кабинеттің — 10 күндігі» т.б жобалары аясында оқу әдістемелік іс-шаралар өткізілді. Біздің әдістемелік кабинеттің мақсаты білім мазмұнындағы жаңаруы мен білім беру саясатындағы өзгерістерге сай оқу процесіндегі өзгерістермен бөлісу, өзара тәжірибе алмасу арқылы мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыра отырып, креативті ойлау дағдыларын дамыту, жаңаша форматта әдістемелік қызметті жетілдіру болып табылады. Сонымен қатар, ұстаздарды кәсіби қолдау мақсатында «Әдістемелік ашық есік күні» ұйымдастырылды. Мұғалімдердің сұрақтарына жауап беру үшін жеке кеңестер мен дөңгелек үстелдер өткізілді.
2023-2024 оқу жылында әдістемелік кабинет әдіскерлері 464 сабаққа еніп, жас мамандарға әдістемелік көмек берді. 117 мұғалімнің іс-тәжірибесін қала көлемінде таратсақ, білім бөлімінің әдіскері Ғ.Қалымбетованың «Жас мамандарды педагогикалық қызметке бейімдеу жолдары» тақырыбындағы әдістемелік құралы облыс мұғалімдеріне таратылды. 918 мұғалім курстан өтіп, 11 облыстық семинар, 156 қалалық оқу-әдістемелік семинарлар өткізілді. Бөлімге қарасты мекемелерден 350 мұғалім Республикалық, облыстық, қалалық байқаулар мен сайыстардан жүлделі орындар иеленді. Республикалық, облыстық, қалалық деңгейде шығатын газет журналдарға 17 мақала баспа беттеріне жарияланды.
Педагогтердің басқарушылық қабілеттерін, әдістемелік, цифрлық және әмбебап құзыреттерін кешенді дамыту, жаңа заман талабына сай жаңашыл мұғалімдерге сапалы және инновациялық технологияларды меңгерту, білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдануды үйрету, білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы тиімділігін арттыру мақсатында қалалық Жастар орталығының базасында «Ұстаздар фестивалі-2024» өтті.
«Білім сапасын арттырудағы жаңашылдық пен әдістемелік қызметтің рөлі» тақырыбында Түлкібас ауданының педагогтеріне Меморандум аясында кәсіби қолдау көрсетілді. Білім мазмұнындағы жаңаруы мен білім беру саясатындағы өзгерістерге сай оқу процесіндегі өзгерістермен бөлісу, жоспарланған жұмыстарды фасилитациялық сессия, шеберлік сыныптары, ТЕDх форматындағы баяндау, тренингтер арқылы қарастыру және көпшіліктің талқысына салу, ұсыныс, пікірлермен талқылап, өзара тәжірибе алмасу арқылы мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру негізгі мақсатымыз болды.
Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйүлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана, — деп Елбасы атап өткендей, облыстық білім басқармасының, қалалық білім бөлімінің жылдық жоспарларына сәйкес әдеби оқулар, байқаулар мен түрлі сайыстар өткізіліп, жетістіктеріміз де мақтанарлықтай.
Қазіргі таңда біздердің, қазақ тілі мұғалімдерінің, мойындарында ауыр жүк жатыр. Өскелең ұрпақты жоғарыдағыдай талаптарға сәйкестендіру. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтары балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайды обьективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің шығармашылық топ мүшелері, пән мұғалімдер бірлесе отырып, 2023-2024 оқу жылында пән бірлестігінің әдістемелік тақырыбын «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінде 4К жүйесінде сабақтар өткізу арқылы табысты ұлттың адал да білімді ұрпақтарын дайындау» деп алып, осы негізде аянбай еңбек жасадық. Шәкірттеріміз облыс, республика көлемінде 40-тан астам байқаулар мен сайыстарға және пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарға ие болды. Соның ішінде: Республикалық балалар оқуының республикалық кезеңінде жүлделі І орын (Ширимбекова Арайлым, №2 мектеп 10 сынып), «Ілияс Жансүгіров» оқуының облыстық, республикалық кезеңінде жүлделі І, ІІІ орын (Құрбанғали Назерке, №2 мектеп 8 сынып), «Абай» оқуларының облыстық кезеңінде (Назарова Әсел, №2 мектеп 10 сынып), облыстық пән олимпиадасынан жүлделі І орын (Төлеген Гүлназ, №14 мектеп 9 сынып), республикалық пән олимпиадасында М.Қашғари мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Ирискулова Сарвиназ жүлделі ІІ орынды, Шаш-төбе мектебінің 10 сынып оқушысы Ж.Мухитдинова жүлделі ІІ орынды иеленіп мерейімізді асыырды. Ауыл олимпиадасына қатысқан шәкірттеріміз де республикада жүлделі І және ІІ орындарды қанжығаларына байлап, қуанышымызды арттырды. Олар: Мухитдинова Ж, Азадова Шахиста, Убайдуллаева Сарвиноз.
Республикалық «Дарынды балаларға — талантты ұстаз» байқауына №6 ЖББМ мұғалімі М.Абдулламит облыстық ккезеңіне қатысып, жүлделі І орынды иеленді. Облыстық «Әдебиет әлемі» байқауына Д.Қонаев ЖББМ ұстазы К.Изатуллаева ІІ орынды, үш ұстаз облыстық «Жаңа идея панорамасы» вернисажына қатысып, облыстық білім басқармасы басшысының мадақтамаларымен марапатталды.
Шарипова Аида Азимхановна француз тілі мұғалімдер арасындағы Республикалық Олимпиадада бас жүлде жеңіп алып, Франция, Париж қаласына, лингвистикалық курс өтуіне жолдама ұтып алды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 (12) сынып оқушыларына арналған Республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІ дәрежелі диплом жүлдегері, Түркістан облысы, Кентау қаласының әл-Фараби атындағы №14 мектеп- гимназиясының 11-сынып оқушысы: Ибадиллаева Айғаным Бейбітқызы, жетекшісі: Нурахметова Жанат Бәкировна. Сонымен қатар, Ибадиллаева Айғаным Республикалық пәндік олимпиаданың бір неше жылдар бойы облыстық кезеңінің 1 орын жеңімпазы, республикалық кезеңінің алғыс хат иесі.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық пәндік олимпиадада Ш.Қанайұлы атындағы №2 ЖББМ оқушысы Аңсар Әкімжан облыстық кезеңінде І орын жеңіп, Республикалық кезеңінде қатысушы сертификатына ие болды.
30.11.2023 жылы 2-7 сынып оқушылары арасындағы республикалық “Зерде” ғылыми жоба байқауына Ы.Алтынсарин атындағы N1 мектеп-гимназиясынан 7″Б» сынып оқушысы Омарова Аяулым қатысып,»Ways of making kurt and its types, benefits for the human body» тақырыбында өз ізденіс жұмысын қорғады. Нәтижесінде l орынды иеленді. Жетекшісі: ағылшын тілі пәні мұғалімі Ақерке Хасанова.
31.01.2024ж. «Қарнақ» жалпы орта мектеп базасында «Жаңа идеялар панорамасы» тақырыбында Сауран ауданы, Түркістан, Кентау қалаларынан келген қазақ, орыс, өзбек, ағылшын тілі пәндері мұғалімдері арасында ТЕДх форматында облыстық әдістемелік вернисаж ұйымдастырылды. Педагогикалық идеяның өзектілігі, сөз шешендігі /ораторлығы/, көрменің эстетикалық безендірілуі,вернисажға қатысқан мұғалімдердің жұмыстары вернисаж шартына сай деп танылған ағылшын тілі секциясының 3 бас жұлдесін Кентау қаласының 3 қатысушысы суырып алды:
«Үздік ҚМЖ» — Туякбаева Шолпан — Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп- гимназияның ағылшын тілі пәні мұғалімі,
«Үздік тапсырма» — Оразәлі Индира — әл-Фараби атындағы №14 мектеп- гимназияның ағылшын тілі пәні мұғалімі,
«Үздік критерий мен дескриптор – Керимбаева Марина, Ә.Бөкейханов атындағы №23 жалпы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі.
Тарих – ұлтты мақтан тұту мен патриотизмге тәрбиелейді. Елдің саналы, белсенді азаматы болу үшін Отан тарихын жақсы білу керек. Мінекей, тарих пәнінің негізгі ұстанымы адамның, елдің рухын жетілдіруге арналуы керек екенін анық түсінеміз. Білім бөліміне қарасты мектептердің де тарих пәні мұғалімдері еселе еңбек етіп, нтьиже көрсетуде. «Менің кіші Отаным» байқауының қалалық кезеңіне қала мектептерінен 88 оқушы қатысып, облыстық кезеңіне 4 оқушы жолдама алды. Нәтижесінде А.С.Пушкин атындағы №6 жалпы білім беретін мектеп оқушысы Шыныбек Ақкенже жүлделі ІІІ орын иеленсе, «Ясауитану» байқауының облыстық кезеңіне 5 оқушы жолдама алып, «әл-Фараби» атындағы №14 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Бейсейітов Асқар жүлделі ІІ орын, «Ы.Алтынсарин» атындағы №1 МГ, «Ш.Қанайұлы» атындағы №2 ЖББМ, «Ә.Бөкейханов» атындағы №23 мектептердің оқушылары Сабырхан Ғанимат, Алданазарқызы Гузель, Бориханова Айару «Алғыс хатпен» марапатталды.
«Тура биде Туған жоқ» байқауының облыстық кезеңіне жолдама алған «Ататүрік» атындағы №4 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Әбдіғани Рамазан Республикалық кезеңде оқ бойы оза шауып, жүлделі І орынды қанжығасына байлап, Кентаулық ұстаздардың мәртебесін асқақтатты.
«Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі», — деп Абай Құнанбаев айтқандай, білім саласында еңбек етіп жүрген ғалым ұстаздарымызды да ерекше атап айтқымыз келеді. Әрі жас маман, әрі жас ғалым, жас ұстаз, алдына қойған мақсаттары айқын, өз мамандығын жүрек қалауымен таңдап, барлық күш-жігерін жұмсап, оқушылармен талмай еңбектеніп жүрген Әбсейт Алтынбек Серикбайұлын ерекше айтқымыз келеді.
Қаламыздағы Ә.Молдағұлова атындағы №19 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің химия пәнінің мұғалімі Әбсейт Алтынбек Серикбайұлы жас маман болса да 2 жылдық көлемінде жетістіктерімен облыс, республикалық байқаулар мен олимпиадаларды бағындырып жүр. Алтынбек Серикбайұлы креативті, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз. Сабағында түрлі лайфхактар, техникалар мен инсайттарын көрсетуде. Қазіргі кезде Қазақ Ұлттың Университетінің PhD докторанты. Алтынбек Серикбайұлының оқушылары 2022-23 оқу жылдарында Бимолдаева Камшат ғылыми жұмыс бойынша облыстан жүлделі І орындар болса, Кенжебекова Жанат республикадан «Алтын медаль» иеленуде. 2023-24 оқу жылында да 10 сынып оқушысы Кенжебекова Жанат облыс көлемінде, облыс әкімінің «Үздік жас ғалым» номинациясын қанжығасына байлады.
Әбсейт Алтынбек 2023-24 оқу жылында мұғалімдер арасында өткен «Дарынды балаға-талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының республикалық кезеңіне қатысып, жүлделі І орынға ие болды. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы «ЖАҢА-МЕКТЕПКЕ ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» жас педагогтердің VI Республикалық байқауына қатысып, кәсіби шеберлігін көрсеткені үшін Диплом І дәрежелі: Түркістан облысының білім басқармасының «БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» КММ. «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ» Диплом І дәрежелі: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» КММ. «ЖАҢА-МЕКТЕПКЕ ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» жас педагогтердің VI Республикалық байқауының облыстық кезеңі. Алғыс хат: КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ. Қаланың білім беру саласының дамытуына қосқан үлесіңіз үшін. Алғыс хат: Республикалық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы «Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпазын дайындағаныңыз үшін», (Кентау қаласы, 2024 ж)
Қазіргі заманда технологиялар мен инженерияның қарқынды дамуы экономиканың негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналды. Бұл тұрғыдан алғанда, жастарды техникалық білім беруге тарту және оларға ғылым, техника, инженерия және математика (STEM) салаларында білім беру маңызды. Осы орайда, Кентау қаласының білім бөлімі білім беру жүйесін жетілдіруге және жастарды жоғары технологиялық салаларға баулуға ерекше назар аударып отыр.
Оқушыларымыз бен шәкірттеріміз облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысуға мүмкіндік алып, түрлі облыстық, республикалық, халықаралықсайыстарға қатысып келеді. Кентау қаласының білім бөліміне қарасты №15 Төркүл-Төбе жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Жолдас Берік жетекшісі Хамитов Фарухпен бірге облыс көлемінде I орынды иеленіп, республикалық жарысқа жолдама алды. Республикалық жарыста І орынға ие болып, қала абыройын асқақтатты. Сонымен қатар, 2024 жылдың 2-3 мамырында Астанада өткен халықаралық «Grand Tournament» чемпионатында «Туды жеткізу» санатында І орынды жеңіп алып, еліміздің туын биікке көтерді. Бұл жетістік – білім бөлімінің жүйелі әдістемелік жұмысының нәтижесі екендігі сөзсіз.
2023-2024 оқу жылында Кентау өңірінің оқушылары мен мұғалімдері түрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Бұл жетістіктер өңірдің білім беру саласындағы үздік көрсеткіштерін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. Төменде әрбір олимпиаданың нәтижелері жүйелі түрде берілген.
Ауылдық олимпиада, «Алтын түлек» олимпиадасының, «Алтын сақа» республикалық олимпиадасының, «Жас математик» республикалық зияткерлік сайысының, «Ақбота», «Кенгуру» олимпиадаларының облыситық кезеңінде 11 оқушы, республикалық кезеңінде 16 оқушы жүлделі І, ІІ және ІІІ орындарды иеленді. Сондай-ақ, мұғалімдердің де жетістіктері аз емес. Сыздықова Перизат Бакиралиевна – Түркістан облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталса, Республикалық «Математикалық регата» байқауында Ибрагимов Орынбасар жоғары орынға ие болған.
Кентау өңірінің оқушылары мен мұғалімдері 2023-2024 оқу жылында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, білім беру сапасының жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Әрбір олимпиададан жүлделі орындарды иелену өңірдің болашағына үлкен сеніммен қарауға мүмкіндік береді, әрі жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттырады.
Тәрбие ешқандай үзіліс дегенді білмейді. Ол тұрмыста, ойын үстінде, оқу, еңбек барысында, барлық кезде жүре береді.
Болашақтың іргесін қалайтын, үміт күттіретін жастарды елдікке шақыратын, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, туған жерді көркейтуге, жаңашыл ойлап, қоғам үшін игі іс жасауға ықпал ететін өзіміз.
Білім мекемелерінің арасында жыл сайын, дәстүрлі түрде өтетін өнер фестивалі Кентау қаласының білім бөліміне қарасты мекемелер үшін де үлкен жұмыс. Талантты жастарымыздың түрлі саладағы өнерін, шығармашылық қабілеттерін ашатын тәрбиенің «ҰБТ»-сы десек жаңылмаймыз. 2023-2024 оқу жылындағы дәстүрлі өнер фестивалі «Қазақстан менің жалғыз ғана Отаным» тақырыбында өтті. Кентау қалалық білім бөлімінің командасы жүлделі І орынды иеленіп, 350 000 тг қаржылай сыйақыны өз қоржындарына байлады. Өнер фестиваліндегі бұл біздің бірнеше жыл қатарынан жоғарыдан көрініп, бас жүлде мен І орынды бермей келе жатқанымыздың дәлелі.
Біздің оқушыларымыз – біздің мақтанышымыз!
Психологиялық қызметтің жұмысы білім беру қызметіндегі қиындықтарды анықтауға және диагностикалауға, консультация беруге, білім беру ортасы жағдайында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мен қолдау көрсетуге, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің психологиялық салауаттылығын сақтау және нығайтуға бағытталған.
Білім беру ұйымдарының педагог-психологтері жыл бойы баланың әлеуметтік ортада қарым-қатынас жасаудың тиімді формасы, топтық қарым-қатынас жасау арқылы білім алушылардың түрлі қиыншылықтарды өз бетімен шеше алуына бағыт — бағдар беріп, өзінің және өзгелердің мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білуіне әр түрлі бағытта сынып сағаттары, семинарлар, ата-аналар жиналыстары, педагогикалық кеңестер, ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер үшін интерактивті әдістер мен лекториялар ұйымдастырылды.
Аталған іс – шаралар білім алушылардың бір-біріне көмегі мен түсінігін дамытып, топ мүшелерінің коммуникативтік қасиеттерін, олардың түрлі қиыншылықтарды өз бетімен шеше алуына, өздерінің және өзгелердің мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білуіне, өздерінің эмоциональды-еріктік сапаларын қалыптастырып, өзінің алдына мақсат қоя отырып, оны орындауға деген талпыныстарын дамытты.
Білім білім беру ұйымдарының педагог-психологтері арасында Түркістан облысы дарынды балалар орталығы ұйымдастырған «Жылдың үздік психологы» облыстық байқауында Ә.Бөкейханов атындағы №23 жалпы орта мектеп педагог-психологы жүлделі ІІ орынды иеленді.
Психологиялық себептермен туындалған кикілжіңдік жағдайларды болдырмаудың алдын-алу шаралары болып табылады. Бұл қызмет кеңес беру, сендіру әрекеттерін жасау сипатында болуы мүмкін.
2024 жылдың қорытындысы бойынша бөлім әдіскері Шиналиев Азамат Өтемісұлы Облыстық деңгейдегі «Кітапхан» жобасына қатысып, әдіскерлер мен мектеп басшылары арасында 3 кезеңнен сүрінбей өтіп, топ жарып, финалға жолдама алды. Финалдық бәсекеде әлемдік деңгейдегі Түрік жазушысы Элиф Шафактың бестселлері «Махабаттың қырық қағидасы» шығармасын қорғап, білім басқармасының мадақтамасы мен бағалы сыйлығына иеленді.
Болашақтың іргесін қалайтын, үміт күттіретін жастарды елдікке шақыратын, патриоттық сезімдерін нығайтатын, салауатты өмір салтын құруға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, туған жерді көркейтуге, жаңашыл ойлап, қоғам үшін игі іс жасауға ықпал ететін өзіміз. Ұлылардың «Ата-анадан ұрпақ өсіп таралған, жақсы-жаман болса, бәрі солардан», — деп айтқан ұлағатына құлақ түрсек, тәрбиенің негізі – отбасымен бірге Отанын қорғау жолында жанқиярлыққа, спортпен айналысып мықты болуға негізін қалайтындығын көрсетеді.
Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы, ертеңі үшін рухы биік, саналы, білімді азаматтарды тәрбиелеу жолында да ұстаздар аянбай тер төгіп еңбек еткенін жеткен жетістіктерімізден көре аламыз.
2023-2024 оқу жылының нәтижесі бойынша облыстық спартакиадада Кентау қалалық білім бөліміне қарасты Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп гимназиясының 5- 6 сыныптың ұлдар командасы волейболдан ІІІ орынды, А.С.Пушкин атындағы №6 жалпы білім беретін мектептің 7- 8 сынып оқушылары тоғызқұмалақ ойынында ІІІ орынды, Шаш -төбе жалпы білім беретін мектептің 5-6 сыныптағы ұлдар командасы гандболдан ІІІ орынды, Махмуд Қашғари атындағы мектеп-лицейінің 9-11 сынып оқушылары шахмат ойынында ІІІ орынды иеленсе, «Айбын-2024» Облыстық әскери патриоттық жастар жиыны шеңберінде өткізілген «Арқан тарту» сайысында Кентау қаласының командасы жүлделі І орынды, «Қыздар арасында 1000 метр қашықтыққа жүгіру» сайысында, «Пневматикалық винтовкадан ату» сайысында, «Арқада жатып денені көтеру» сайысында, «Әскерилендірілген эстафета» сайысында Кентау қаласының командасы ІІ орынды иеленіп, «Айбын-2024» Облыстық әскери патриоттық жастар жиынында жалпы командалық есепте Кентау қаласы ІІ орында тұрақтады.
Қорыта келе, жылдық жоспарымыздағы мақсат пен күтілетін нәтижеге сай пән бойынша білім алушылардың оқу сапасының одан жоғары көрсеткіштеріне жетуіне байланысты педагогтердің әдістемелік және кәсіби дағдыларын жетілдіру үшін курстан кейінгі сүйемелдеу мен оқыту семинарлары, ашық есік күні мен әдіскердің бір күні, дөңгелек үстелдерде біршама оқу процесіне оң ықпал тигізетін жұмыстар атқарылды. Қаламызда озық ойлы педагогтердің оқыту тәжірибелері аз емес. Білім бөліміне қарасты барлық білім мекемелерінің мұғалімдері қазіргі замандағы тенденцияларды ескере отырып, білім берудің жаңа моделін енгізу бағытында жұмыс істеу қажет екенін анықтады. Әрбір пән мұғалімдері «білім беру — тұлғаның қалыптасуы мен дамуы» ұстаныммен жұмыстар атқарды. Алдағы оқу жылдарында әрбір баланың бойына жасампаздығы, эмоционалды бейімділігі мен тұрақтылығы, жауапкершілігі мен эмпатиясы бар, функционалды сауатты, озық ойлы, креативті тұлғаларды дамытуға үлес қосады, жүзеге асырады. Ол үшін педагогтерімізге қойылатын талаптар жиынтығы өзгереді: аналитикалық ойлау мен инновацияға ашықтық, сыни ойлау, шығармашылық пен ерекше ойлау қабілеті жоғары болу қажет.
Ауқымды жұмыстарды атқарып, жоспарланған межеге жетіп, бойындағы күш-жігерін аямаған, алдындағы шәкіртіне ынта-ықыласымен білім беруде уақытпен санаспайтын, күнделікті өзінің үйдегі күйбең тіршілігігін ұмытып қызмет ететін біздің ұстаздардың жұмысы осындай. Білім жолында ұстаз ұғымы мен ұлағатын ұлықтап, қадірі мен қасиетін құрметтеу – парыз екенін ерекше айту керек.
Бұл – білімді ұрпақ, тәлімді шәкірт, зерделі буын қалыптастырудың басты жолы.
Өздеріңіз білесіздер сапалы қоғам сапалы баланы қажет етеді. Ендігі уақыт бізден заман талабына сәйкес терең білім мен нақты қадамдарды күтеді. Оқушы бойына терең білімді сіңіріп, ғылымды, әділетті және рахымды ұрпақ өсіргенде ғана айымыз оңынан туып, көсегеміз көгерері айдан жарық, күннен анық ақиқат.
Жеңісті де жемісті күндеріміз көп болсын!
Әділ Әуелбеков,
Кентау қалалық білім бөілімінің басшысы