Адамның айналасында болып жатқан құбылыстар, қатты, жұмсақ, ыстық, суық, жарық, қараңғы немесе түрлі-түсті әлем. Осының барлығын адам баласы бес сезім мүшесі арқылы қабылдайды. Көз көреді, құлақ естиді, тілің дәмін сезеді, мұрын иіс сезеді, бүкіл дене тері жамылғысы ыстық суықты, қатты жұмсақты сезеді. Көзге түскен кез-келген бейне көз хрусталигі арқылы, электр сигналдары арқылы, мидың артқы бөлігінде орналасқан шүйде бөлігінде бейнесі беріледі.
Мидың өзі адамның бас бөлігінде орналасқан ми сауыттың ішінде орналасқан, іші қараңғы ешқандай жарық түспейтін ең негізгі орган. Мида дәмнің ащы, тұщы екені немесе тәтті екені, естіген әуеннің күйі сол жерде біздің пайымымызға беріледі. Яғни мидың өзі ғана сырттағы ақпаратты бізге қандай екенін суреттеп беріп тұр. Сонда адамның бес сезім мүшесі қалай қабылдаса солай, ми қалай талдау жасаса, айналада солай болып қабылданып тұр. Болашақтан бірдемені күтуде ақыл-ой туындысы. Адам денесімен санасы байланысты, санаға тиісу арқылы денеге қозғалыс келеді, денеге тиісу арқылы санаға қозғалыс келеді. Болашақ елес және сонымен қатар арманның шындыққа айналуы бұл адамның санасының күйінде туындаған құбылыс. Адамның осындай келбетте жаратылысы, сол жаратқанға мойынсұнуы кезінде де адам санасы мен денесінде өзгерістер болады. Жасаған әрекетіне өкіну оны қайталамауға әкелсе, жасаған әрекетіне қуану оны одан да күшті етіп тудыру жағдайын қалыптастырады. Яғни адам саналы түрде барғысы келмеген жерден қашады, барғысы келген жерге асығады.
Рухани жетілу бұл біздің сезімдерімізбен анықталмайды, рухани жетілу бұл біздің сезімдерімізге қатынасымыздың қашықтығын сақтай білуде қалыптасады. Бұдан туындайтын ой бізде туындайтын ой, сезім, іс-әрекеттердің барлығы, бізге сырттан әсер ететін адамдардың әрекеттері мен сырттан әсер ететін жағдайлармен құбылыстардың туындысы болып тұр. Бұл жерде денсаулыққа ең пайдалысы, дұрыс тамақтану екені белгілі болады. Сол сияқты барлық адамдар ұйқыға кеткенде барлығы бірдей түс көрмейді, әр адам үшін өзінің көрген түсі өзіне жақындармен байланысты. Адамның оқыған кітабының өзі адамның өмірге деген көзқарасын , адамның бүкіл қарым қабілетін, іс-әрекетін өзгертіп жіберетін күшке ие. Оқығандардың оқуға ізденіс құштарлығы да содан. Адамға тыныштық сезімі, тыныш ұйқы немесе рухани тыныштық қажет болса, жалғыз үйреншікті өзгеріссіз қалуы керек.
Бірақ бұның екінші жағы сіздің құлшыныңызды, эмоциялық деңгейіңізді және арман, мақсаттарыңызды жоғалтуға әкеледі. Тауға шығып жалғыз өмір сүрген адам сияқты айналадан байланыссыз қаласыз. Сол үшінде адамның сыртқы өзгерістерін қаласа өзінің ішкі күйін түзетсін. Ішкі күйі түзу болуы үшін ақылды адамдармен сұқбаттассын. Сырттағы болып жатқанның барлығы біздің қабылдауымызға байланысты
Ғалымжан Әбілқайыр,
Жетісай ауданы білім бөлімінің маманы