Қазіргі білім саласындағы тəжірибе білім беру үрдісінің мазмұны мен оның ұйымдастырылуына жаңа көзқарасты қалыптастыру, білім берудің жаңа технологияларын меңгеру — оқушылардың білім беру бағдарын өз бетінше таңдауына негіз бола алады. Кез- келген елдің бəсекеге қабілеттілігі, болашағы жас жеткіншектердің біліміне байланысты екені белгілі. Білім саласының қарыштап дамуына барынша жағдайлар жасалып жатыр. Бұл бағытқа салынып жатқан қаржы — болашаққа салынған, қайтарымы мол инвестиция десек артық айтқандық емес. Шардара аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының желісі 31 мектеп, 2 мектептен тыс мекеме, 40 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс атқаруда. Білім беру мекемелерінде 23000-нан аса оқушы, тəрбиенуішілер білім алуда.
Білім алушы жасөспірімдерге сапалы да саналы тəрбие беру ісінде 3363 педагог кадр еңбек етуде.
Білім алушылар мен ұстаздардың академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру, ортақ білім беру бағдар- ламаларын жасаудағы ынтымақтастық шеңберінде НЗМ, Педагогикалық шеберлік орталығы филиалы, М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, «Өрлеу» БАҰО-мен меморандум негізінде жұмыс- тарды жүйелі атқарып келді.
«Инновациялық іс-əрекет, тəжірибе жəне нəтиже» бағытында ауданда мұғалім тəжірибесіндегі білім жетілдіруге бағытталған сабақты зерттеу (Lesson studi), кəсіптік бағдарлау бағытында «Мамандық таңдау — болашықты таңдау», «Тарих сабағында ақпараттық- коммуникациялық технология арқылы деңгейлеп- саралап оқытудың тиімділігі», театрланған қойылым- дар арқылы оқырмандарды қазақ əдебиеттерін оқуға тарту, көркем жəне əдеби шығармашылықты дамыту мақсатында «Кітапхана + театр», «KEMEL BOL» кітап оқу жобалары білім беру ұйымдарында жүзеге асырылуда.
Оқушыларды белгілі бір ғылым саласында, оқу пəнінде өз білімін жетілдіруге, өзінің интеллектісін дамытуға, зияткерлік-зерттеу, тəжірибелік-экспери- менттік жұмыстың іскерлігі мен дағдыларын алуға ұмтылдыратын оқушылар арасында 30-ға жуық олимпиадалар, ғылыми жобалар мен байқаулар өткізіліп 6455 (35%) оқушы қатысты. «Дарынды ұрпақ
– ел болашағы» демекші, дарынды оқушыларымыздың қол жеткізген жетістіктері:
— Түркия Республикасы, Алания қаласында 9 мемлекет арасында өткен Халықаралық Дарынды балаларға арналған менталды арифметика турнирінде «Ақалтын» жалпы орта мектебінің оқушысы Абубила Нұрай Берікқызы жүлделі І-орын иеленді;
— Республикалық ауыл балаларына арналған жалпы білім беретін пəндерден 9-10-11 сынып оқушылары арасында республикалық пəн олимпиадасында «Жаушықұм» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Еспан Ақтөре география пəнінен жүлделі ІІІ орын иеленді;
— Республикалық 5-6 сынып оқушылары арасында өткен пəн олимпиадасына Қ.Сағырбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің 5 сынып оқушысы Əмзе Інжу Нұрсұлтанқызы қазақ тілі мен əдебиеті пəнінен қатысып, Мақтау қағазын иеленді;
— Республикалық кезеңге ауыл мектептерінің 8 сынып оқушыларына арналған «IQANAT» оқушылар олимпиадасына 9 оқушы қатысып, «Достық» жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Болсбай Ақтолқын «Жартылай грант» иегері атанды;
-Республикалық «Ел Үміті» бастамасын жүзеге асыру мақсатында «Мың бала» Ұлттық олимпиада- сында 5-6-сыныптардан жалпы 23 оқушы жеңімпаз атанып, сертификатпен марапаталды;
— Республикалық 5-9 сынып оқушылары арасында “Тарих ата” қашықтық олимпиадасынан 45 оқушы жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарды иеленді;
— Республикалық «Мəшһүр Жүсіп» оқуларының республикалық кезеңінде Қ.Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектептің 11 сынып оқушысы Байдулла Ерғали жүлделі ІІІ орын иеленді.
Жас өркеннің бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын да қызықты іс. Алайда, əр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз парызы. Басты мақсат – білімді тұлға қалыптастыру. Баланы заман талабына қарай көрегендікпен икемдеп, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.
Мұсатаева Жанат Тұяқбайқызы,
Шардара ауданының білім бөлімінің басшысы