Бүгін Білім күніне орай Түркістан білім-инновация лицейінде 7 сынып оқушылары қабылданды. Биыл лицей табалдырығын 170 оқушы алғаш рет аттады. Мерекелік жиынға Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Ерғалиқызы қатысып, оқушыларға жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Іс шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын дарынды жастардың арасында кеңінен насихаттау, жастардың бойында инновациялық идеяларын арттыру, ғылыми, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өткен «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты республикалық байқауынан жүлделі І Дәрежелі Дипломмен және Тәуелсіздік «Дарыны» төсбелгісімен 10 «а» сынып оқушысы Шүкірбек Ардақ Жұмабекұлы марапатталды.
Айта кетерлігі, 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша «Білім-инновация» лицейлері арасында Ұлттық біріңғай тестілеудің қорытындысы бойынша Түркістан «Білім-инновация» лицей-интернаты орташа 112 ұпаймен Қазақстан бойынша «бестіктеміз». Ал, лицейлер арасында «бірінші» орындамыз.