Қазақстанда атом электр станциясын салу еліміздің энергетика саласын дамыту және оны тұрақты электрмен қамтамасыз ету үшін маңызды қадамның бірі деп есептеймін. Сонымен қатар, атом энергетикасы саласындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге көмектесе алады. Біздің елімізде айтарлықтай уран қоры бар, бұл оны атом электр станциясын салу үшін тартымды орынға айналдырады. Египетте мемлекет тарихындағы алғашқы АЭС-тың құрылысы жалпыұлттық жоба ретінде халқын біріктірді. Түркиядадағы 4 энергоблоктан тұратын алғашқы «Ақкая» атом электр станциясы осы мемлекеттің стратегиялық мәні бар жобасы ретінде айқындалып, ұлттың үміті болып бекіген. Биылғы жылдың маусым айында бізбен ежелден еншілес мемлекет Өзбекстан да атом электр станциясын салу жөніндегі ұстанымын жариялап, бұл бағытта кешенді жұмыс бастайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар, қарапайым халық атом стациясы мен атом энергетиясының арасындағы айырмашылықты әлі түсінбей жүрген секілді. Себебі, екеуінің арасы жермен көктей екеін халық ұғынса екен. Сондай-ақ, біздің елімізде атомдық технология бойынша тәжірибе бар, бұл зауытты салу және пайдалану үдерісін жеделдетуге мүмкіндік мол деп ойлаймын.
Зұлқарнай Көпбай,
Кентау қаласының тұрғыны