Спорт тек дене шынықтыру ғана емес, ол рухты шыңдау, мақсатқа жету жолындағы ерік-жігерді арттыру, жастарымызға тәрбие берудің бірден-бір құралы. Сауран ауданында ашылған PING–PONG орталығы сол мақсаттарды жүзеге асырудың алғашқы қадамдарының бірі.
Толығырақ айта кетейік, Майдантал ауылдық округі Ынталы елді мекенінде ауыл азаматы Әйтеке би атындағы ЖББ мектебінің ұстазы Сабит Шегенбаев ауыл жастарын салауатты өмір салтына шақыру мақсатында демеушілік жасап, PING–PONG теннис орталығын ашты. Осынау игі істің ашылу салтанатына Түркістан облысы мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов, Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Бөкебаев, Сауран ауданы «Аманат» партиясының төрағасы Сағынбек Асылбеков, аудандық маслихат депутаты Арслан Раматуллаев, ардагер ұстаз Әбілқасым Шегенбаев сынды ағаларымыз қатысып, құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Іс-шара барысында жарыс ұйымдастырылып, Майдантал, Қаражон, Құмтүйін ауылдарынан 45 оқушы жарысқа қатысты.
Айта кетейік, Түркістан облысында «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы» аясында 2023-2025 жылдары аралығында 49 мың орындық 63 мектеп салу жоспарланған болатын. Бұйыртса, биыл 22 900 орындық 29 мектеп қолданысқа беріледі. Сонымен қатар, «Жайлы мектептердегі» педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен» келісімшарт жасалып, қазіргі таңда 41 мұғалім білімін жетілдіруде