Кентау медициналық колледжінде «Ата баба дәстүрі- ұрпаққа аманат» тақырыбында студент жастармен кездесу өтті. Жиынға Кентау қалалық руханият орталығының директоры Қ.Бекметов, Түркістан облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог-маманы А.Сейдуәлі, Кентау қалалық руханият орталығының теолог-мамандары, қалалық жастар ресурстық орталығының маманы қатысты.
Кездесу барысында бүгінгі күндегі өзекті мәселе бабаларымыз ұстанған ұлттық салт-дәстүрімізбен әдет-ғұрпымызды сақтау жайлы, әлеуметтік желілір арқылы көптеген жастардың жат діни ағымның жетегінде кетіп жатқандығын жан-жақты түсіндіріліп, арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді. Сала мамандары жастарды жат ағымдардан сақтану жолдарын түсіндіріп, кең көлемді мәлімет берді.