gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Созақтық ұстаз дүниежүзілік көшпенділер ойынында рекорд орнатты

22 сентября, 2024
in Білім
0
Созақтық ұстаз дүниежүзілік көшпенділер ойынында рекорд орнатты
Share on FacebookShare on Twitter

Созақ ауданы Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектептің «Көркем еңбек» пәні мұғалімі Ақбілек Байтемірқызы Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына қатысқан болатын. Айта кетейік, биыл Астана қаласында өткен этникалық іс-шараға әлемнің 85-тен астам елінен 4000-ға жуық спортшы келді. Бұл шараның негізгі мақсаты — туризмді, этномәдениетті дамыту. Аталған іс-шара аясында түрлі халықаралық дәрежедегі мәдени шаралар өтті. Соның ішінде қазақстандық 450 шебер «Аламан» құрақ көрпешесін құрау бойынша әлемдік рекорд орнатып, тарихи оқиға орын алды.

Нақтырақ айтсақ, созақтық мұғалім Ақбілек Байтемірқызы өте күрделі болып табылатын “Гаухартас”, “Сынық мүйіз”, “Аламан” құрақ техникалары бойынша 11200 шаршы метр болатын көрпеше құрап, рекорд жаңартты. Осылайша жерлесіміз қазақстандық рекорд кітабына енді.

Айта кетейік, Түркістан облысында 2024-2025 оқу жылында орта білім беру ұйымдарының саны 1 060-қа артты. Бүгінде өңірде 530 мың оқушы болса, оның 52 593-ы биыл 1-сыныпқа қабылданды.

— Жалпы Түркістан облысында 121 мектеп күрделі жөңдеу жұмыстарын қажет етеді. Бүгінде 66 мектептің жобалық сметалық құжаты дайын. Биыл 22 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары басталып, 5 мектеп 2024 жылдың 1 қыркүйегінде пайдалануға берілмек. Өңірде «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы» аясында 2023-2025 жылдары аралығында 49 мың орындық 63 мектеп салу жоспарланған. Ал 2024 жылы 22 900 орындық 29 мектеп қолданысқа беріледі. Сонымен қатар, «Жайлы мектептердегі» педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен» келісімшарт жасалып, қазіргі таңда 41 мұғалім білімін жетілдіруде, — дейді Жандос Маханбетов.

Previous Post

Мерейімізді үстем еткен шәкірттеріміз көп

Next Post

«Айнабұлақ» негізгі орта мектебінің жанынан 600 орынды мектеп салынуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz