Астана қаласында «Сабақ зертеулері: оқыту мен оқуды жақсартуға ұмтылыс» стратегиялық тақырыбында WALS -2024 халықаралық конференция өтті. Конференция мақсаты осы бағыттағы зерттеулермен, оқыту мен оқудың сапасын жақсартуға бағытталған тәжірибелермен бөлісу болды.
WALS-2024 қатысушыларының қатарында Ұлыбритания, Сингапур, Жапония, Финляндия, Малайзия, Австрия, Қытай, Америка Құрама Штаттары, Гонконг, Түркия елдерінің азаматтары да болды.
Аталған конференцияға Сауран аудандық білім бөліміне қарасты Ә.Сығай жалпы білім беретін мектептің директоры Алиева Мереке Кенжетайқызы «Қазақ тілі сабағында білім алушылардың дивергентті ойлауын қалыптастыру арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру» тақырыбында зерттеу жұмысын қорғап, өз тәжірибесімен бөлісті.