Біздің ата-баларымыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі — әлемде теңдесі жоқ тәрбие десек артық айтқандық емес. Баланың жастайынан ұлттық құндылықтарды дәріптеуінің, елімізді, туған жерімізді, дініміз бен тілімізді құрметтеуінің негізі осы ұлттық тәрбиенің негізінде жатыр. Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат тәрбиелеу үшін ұлттық құндылықтарымызды басшылыққа алу қажет. Оның маңыздылығы мен қажеттілігі зор. Біз үшін еліміздің өркендеуі, ұлттық ерекшелігіміз бен ұлттық құндылықтарымызды сақтау – қымбат қазына. Осы бағытта жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделетін өркендеп келе жатқан қазақстандық қоғамды қалыптастыру үшін Кентау қалалық ардагерлер ұйымының жанындағы «Әжелер алқасы» өскелең жас ұрпақ пен жастарды толыққанды тәрбиемен қамтамасыз ету, жан-жақты дамыған және үйлесімді тұлғаны қалыптастыру үшін әртүрлі тақырып бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бұл сұхбатта біз өскелең ұрпақты әжелердің тәрбиелеудегі жаңа біртұтас жайында айтатын боламыз Ол отбасында, қоғамда өзін лайықты ұстайтын, еңбекке құрметпен қарайтын азаматтарды тәрбиелеуге ықпал етуде. Біздің сұрақтарымызға Кентау қалалық ардагерлер ұйымының жанындағы «Әжелер алқасы» төрайымы Роза Жұмабаева жауап береді.
— Роза апай, бізді, қазақтың баласын өзге халықтан ерекшелейтін қасиеттеріміз қандай?
— Ел болашағы – жастардың қазіргі бет алысы туралы, ұрпақтар тәлімін, ұлттық тәрбиені қаншалықты үзбей жүргеніміз замандар бойы өз уақыт кеңістігінде толғандыратын өзекті мәселе. Рас, қазіргі қоғамда ұлтынан, дінінен, тілінен, салт-дәстүр, әдет-ғұрпынан безінгендерді көптеп кездестіруге болады. Ондайлар қазақи бітім-болмысты дарақылыққа балайды. Аздаған жылдар бұрын бұл ахуалды ауылдан қалаға келген жастардың еліктеуінен белең алған құбылыс деп таныдық. Қазір, сол жастардың қатарында кей ата-әжелеріміз, ағаларымыздың қосылғанын көріп қынжыласың. Оның себептерін әр адам әр қилы түсінеді. Бұл – қоғам дерті, онымен бүткіл халық болып күрескен жөн. Ұлттық құндылық, ұлттық тәлім-тәрбие, рухани қайнар көздер халықтың бет пердесі, тірегі. Әрбір ұлттың өміршеңдігі ұлттық құндылықтардың сақталуына тікелей байланысты. Ұлттық рухты үнемі ұлықтап жүретін қазақтың тәлім-тәрбиесінің қайнар көзі тым тереңнен басталады. Толыққанды тәлім мен тәрбиені жүргізу үшін алдымен терезесі теңескен, төрт құбыласы түгел ұлт болып қалыптасу қажет. Ұлт ешқашан басқаларға тәуелді болмаған, өзінің мекемелеріне ие, өзінің мүддесі бар халықтардың жиынтығы. Ұлтты құрайтын халық. Бірлігі жарасқан, рухы биік, намысы мықты ұлт қана салт-дәстүрін, тілін, мәдениетін, ділін дамыта алады. Біз мұндай екінің біріне бұйыра бермейтін бақтан кенде емеспіз. Замандар бойы ата-бабаларымыздың білек күші, найза ұшы, ақыл-парасатымен жеткен асыл құндылықтарымыз қанша қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткерсе де, бәз қалпында осы күнге жетті. Көңілге асыл мұра болғаны еліміздің тәуелсіздік алғаны, ал қамықтыратыны осы кезеңде «ұрпақ байланысының үзілісі» елең бере бастағандығы. Жасыратыны жоқ, ғасырлар бойы орыс тілінің үстем болып келуі, әлі де орыс тілінің бодандығында болу біздің ой-санамызға әсерін тигізіп келеді. Бұл қазақ тілінің аясының тарылуына, салт-дәстүр мен ұлттық тәрбиенің өзгеруіне әкеліп отыр. Қазіргі тәрбие болашақ ұрпақты салт-санаға, дәстүрге бірегей бағыттамауынан, алшақтықтың бар екені сезіліп, ұлт жанашырларын елеңдетеді.
– Тәрбие отбасынан басталады, бірақ отбасы да әртүрлі болады ғой. «Әжелер алқасы» өскелең ұрпақ пен жастарды тәрбиелеуде қандай жұмыстар атқаруда?
— 2013жылдан бастап Кентау қалалық ардагерлер ұйымы жанынан «Әжелер алқасы» жұмыс атқарып келді. Әжелер алқасының құрамы қала мен ауылдағы әртүрлі салаларда еңбек еткен зейнеткер әжелер. Қалалық ардагерлер ұйымы жанындағы «Әжелер алқасы» құрамы «Әжелер тағылымы», «Үкілі үміт қыздар тәрбиесі», «Қамқорлық тәрбиесі», «Өнерге баулау іскерлік тәрбиесі», «Сырласу келіндер тәрбиесі», «Ақпараттық байланыс» сияқты 6 бағытта жұмыс жасайды. Алқаның әр бір мүшелеріне атқаратын міндеттер бөліп берілген. Сонымен қатар, «Әжелер алқасы» өз қызыметінде ұрпақтар сабақтастығын жан–жақты қамтамасыз ету, түрлі буындармен яғни білім беру саласы, мектепке дейінгі мекемелер, медицина саласында, қалалық және ауылдық орталық кітапқаналармен, жастар орталығы, мәдениет саласы, тілдерді дамыту және ішкі саясат бөлімімен, қоғамдық келісім қалалық филиалымен, Қазақстан ассамблеясы жанындағы Кентау ұлттық мәдени орталықтар мен аналар кеңесінің ұйымы, Аманат партиясы және де тағыда басқа қоғамдық ұйымдармен тікелей байланыста жұмыстар жүргізеді. Біздің басты мақсатыиыздың бірі – жастардың бойында жаңа Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуді көздей отырып, жаңа ғасырдың талабына сай Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан жүрегімен түсінетін, мәңгілік ел болу жолында мүмкін болғанның бәрін жасауға әзір тұратын отаншыл, елжанды аға буынның өмрлік тәжірбиесін жастардығ бойына сіңіру болып табылады. «Ата — әулеттің тірегі, Әже — ұрпақтың жүрегі» тақырыбын басты мақсат етіп қойған қалалық әжелер алқасы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «ата-әжелерге сенеміз» деп айтылған сенімді атқаруға мемлекеттің өркендеуі отбасы тәрбиесіне байланысты екенін ұлттық құндылықтарда дәріптеуде жұмыстар атқарып келеді.
— Роза апай, өзіңіз жаңа жастардың тәрбиесі мен ұлттық құндылықты өскелең ұрпаққа дәріптеу барысында жұмыстар жасалып жатқанын атап өтіңіз. Осы өнегелі жұмыстарыңызға тоқтала өтсеңіз?
— Әрине, біз жыл басында бекітілген жоспар бойынша атқарылған іс-шаралар атқарып отырамыз. Онда қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдеп ғұрыптарының маңызын түсіндіре отырып ұлттық негіздегі тәрбиенің жолдарын айтып, адмға ой тастайтын мағыналы аңыз-әңгімелер төңірегінде де сөз қозғаймыз. «Тәрбие — тал бесіктен басталады» деген девизді әжелер алқасы негізгі мақсатта қала және ауыл бала-бақшаларында, кітапхана, әдіскерлерімен бірлесіп «Әжемнің ертегісі», «Тыңда балам ертегі, ертегі сыр шертеді» атты іс-шарада әжелер бүлдіршіндерге қазақ халқы ертегілеріндегі тәрбиеге байланысты тұстарын күнделікті өмірде кездесетін жайттармен байланыстыра отырып ертегінің маңызын түсіндіреді. Сонымен қатар, бүлдіршіндер сол ертегідегі кейіпкерлерді сомдап өздерінің өнерлерін тәнті етеді. Сонымен бірге «Ұлттық құндылықтар ел қазынасы», «Дәстүр мен Ғұмыр» тақырыбы аясында бабалақша тәрбиешілермен көптеген таңертеңгілік ұйымдастырылып тұрады.
— Балақшаларда ұйымдастырылатын керемет тақырыптар жайында айтып өттіңіз, ал жасөспірімдер арасында ұлттық құндылықтар мен отбасылық тәрбие жайында қандай іс-шара өткізіп тқрасыздар?
— Сұрағыңыз өте орынды. Әрине біз жастарға үлтымыздың құндылығы мен отбасылық тәрбие жайында насихаттаған кейін, мекеп оқцшылары және колледж студенттерімен де іс-шаралар қйымдастырып отырамыз. «Ұстаз, ата-ана, оқушы» осы үштік одақтың жұмысын жандандыруда оқушы, ата мен ана және мұғалімдерді де қатыстырып тәрбиелік мағынасы зор бағдарламалар өткізіліп тұрады. Мұндай шаралардың бала мен ата-анаға берер пайдасы пайды мол деп білемін. Себебі, кей кездері бала өзінің әкесі мен шешесін түсінбейді, ал ата-ана өзінің баласының ішкі дүниесіне үңіліп қарамайтын кездер болады. Әжелер алқасы мүшелерінің адамның жан-дүнесіне ой салатын мағыналы әңгімелерінің арқасында бала мен ата-ананың арасындағы түсіншпеушіліктер шешілуде. Сонымен қатар, мектептердегі педагогикалық қолдау орталығындағы ата-аналарды қатыстырып, «Бүгінгі ұл – келешек әке, бүгінгі қыз — ертеңгі ана», «Сырлы жеңге», «Жеңгенің – қызбен сырласуы» атты ток шоу, «Абзал аналармен жүздесу», «Рухы биік- нәзік қыз» шығармашылық кеш те қйымдастырып отырамыз. Тағы бір айта өтетіні, түрікстан облысында қоғамдық салт дәстүрлерді жаңғыртуды насхаттап жүрген қаламыздың нәзік жанды асабасы Айда Уанасовамен қалалық Жастар ресурстық орталығындағығы қыздар клубында сырласу кешін өткіземіз. Кентау қаласы «Әйел қыздар секторы», «Ұлағатты ана- ұлт мерейі» атты іс-шарада әжелер алқасының атқарып жатқан жүйелі жұмыстарының бірі. Онда ұлттық құндылық, отбасылық тәрбие және өзге де өзекті тақырыптар бойынша ой-пікірлер ортаға салынып, жастарға кең көлемде түсіндірілді. Білім саласының ардақты ардагері Гүлмираш Отарбаева апайымыздың 90 жылдық мерейлі мерекесіне орай ол кісінің отбасына барып жастармен бірге барып құттықтап қайттық. Жастарды алып барудағы біздің мақсатымыз, жастарымыз ұлағатты ұстаздардан тәлім-тәрбие алып, солардың жүрген сара жолымен жүруге талпынса екен дейміз.
— Роза апай жаңа өзіңіз қыздар арасында әртүрлі тақырыпта сырласу өткіземіз деп айтып өттіңіз. Қазіргі таңда қоғамда орын алған өзекті мәселенің бірі жасөспірім қыздар арасында ерте жүктілік. Осының алдын алу мақсатында жас қыздар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі?
— Әрине, қоғамда орын алған көкейкесті мәселенің алдын алу мен қатар жастарымыз арасындағы әсіресе болашақ ана атанатын үкілі қыздарымыздың арасында ерте жүктіліктің орын алуына байланысты түсіндірме, сырласу және пікі алмасулар жиі өтікізіліп тұрады. Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зиян екенін осы саланың мамандарын қатыстыр отырып түсіндіреміз. Қаланың білім беру бөлімінің «Қыз тәрбиесі анадан» атты қалалық семинарда ұлттық құндылықтарды насихаттауда ананың рөлі зор екенін аналарды қыздармен бірге салт дәстүрлерді сақтауға шақырды. Біздің алдағы ақытта да бірігіп атқарар жоспарлы істеріміз көп-ақ.
— Ұрпақ тәрбиесінде әжелердің рөлі қандай?
— Әжелер алқасының «Ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі» атты тақырып аясында «Ұрпақ-тәрбиесіндегі бетбұрыс», «Ұлттық құндылықтар – ел қазынасы» іс-шараларын өткізудегі жұмыстардың бір шамаларына тоқтала кететін болсам, қаладағы «Сәуле» бөбекжай бала-бақшасында даярлық тобы бүлдіршіндерімен әжелер алқасы мүшелері салт-дәстүрлердің мағынасын айта отырып, жүннен не жасауға болатынын, ұршықты қалай ұстап, оны қалай иіру керектігін көрсетіп, қыздарға шолпы тағу дәстүрін көрсетіп тоқыма кесте өнерінде көрсетумен қатар, осы құндылығымыздың біздің өміріміздегі маңыздылығын да түсіндіреміз. Ал қаладағы №23 жалпы орта мектепте «Ұстаз, ата-ана, оқушы үштік одақтың жұмысын жандандыруда ата-аналармен әжелер алқасының кездесуі өтті. Мектеп басшысы кездесу мақсатын түсіндіріп, ата-аналар, қонақтар, әжелермен ойларын ортаға салып, ашық пікірлер айтылды. Соңынан аналар мен әжелермен бірге тренингтер жүргізілді. Ата-аналар өте риза болып тарқасты. Ата – аналар, мұғалімдер әжелерден көптеген мағыналы мәліметтер алғанына алғыс айтты. Біздер әжелер алқасындағы ынтымақты насихаттауда қазақтық салт-дәстүрлерін жастардың бойына сіңіру, тәрбиесіне көңіл бөлу бағытында жұмыстарын атқарып келеміз. Әже өнегесі — жылдар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы құндылық. Тәрбиенің қайнар көзі — отбасындағы басты құндылық ұлттық тәрбие десек, сол тәрбиенің себепкері — әжелер. Олай болса әжелердің алдағы уақытта да атқарар жемістері молая береді деген сенімдемін. Тәлім-тәрбиеге толы салт-дәстүрімізді ақыл кеңестерді жастарға игі істерімізді көрсете білдік, әлі де көрсете береміз деп есептеймін.
Раушан НАРБЕК