Сайрам ауданы Сұраншы батыр атындағы №97 жалпы білім беретін мектепте «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» бойынша 2023-2024 оқу жылына арналған кешенді жоспарды іске асыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жалпы «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді. «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу. Ал, оның міндеттеріне ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу кіреді. Толығырақ айтар болсақ, ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және елбірлігін сақтауға, отаншылдықпен мемлекетшілдікке тәрбиелеу; Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлықпен; Әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру; Денсаулықты қадірлеуге,салауатты өмір салтын ұстануға,ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу; Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.
Облыстық әдістемелік орталықтары мен кабинеттерінің әдіскерлері «Бір тұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыруда педагогтарға әдістемелік қолдау көрсетеді. Оқыту семинарларымен тренингтер өткізеді. Жауапты мемлекеттік органдардың сертификатталған тренерлері білім беру ұйымдарының педагогтарымен оқушыларына сыныптан тыс сағаттарын өткізеді, ата-аналар жиналыстарымен тәрбиелік іс-шараларын ұйымдастырады. Нәтижесінде бала ата-анасын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді, «қара шаңырақ»,«жеті ата», «тек тілік» ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейді. Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санайды және ұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды. Әр ісіне, қадамына жауапкершілік пен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзіне берік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды. Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады. Тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оның бірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды.
Жалпы жастар тәрбиесінде ел мен жер тұтастығын, ел тәуелсіздігін қадірлеуге, ар-ұят, намысты жоғары ұстауға, адал еңбекпен қызмет етуге, қоғам игілігі үшін азаматтық белсенділік танытуға, жауапкершілікті саналы түсінуге, салауаттық, зияткерлік құндылықтарына негізделген тәрбиеге басымдық берілуі тиіс. Сонымен қатар, оларға ел болашағы үшін маңызды буын екендіктерін сезінуіне, отбасы алдындағы парызын, Отан алдындағы борышын өтуге белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік тәжірибелер мен жобаларға жастарды тарту; Ұлттың тарихи сана-сезімін жаңғыртудың маңыздылығы, тарихи ел шежіресін дәріптеуге айырықша мән бере отырып, халқымыздың ата-бабадан мирас болып қалған мұрасын дәріптеу, ұлттың кодын сақтауда жастардың бойындағы рухты ояту, отаншылдықпен мемлекетшілдік сезімдерін арттыруға бағытталған шаралар ұйымдастыру; Отбасы құндылықтарын дәріптеуге, отбасын құруға жауапкершіліктіт үсіндіруге бағытталған іс-шараларға тарту; Адал еңбекті жоғары бағалауға, еңбек адамын құрметтеуге бағытталған іс-шараларға тарту, кәсіптік бағдарын дұрыс анықтауға қолдау көрсету ұсынылады.
Білім беру ұйымдары мен педагогтер балаларды заңға, адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-анасына, үлкендерге, отбасылық, тарихи және мәдени құндылықтарға мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету, жоғары имандылық, патриоттық, қоршаған ортаға ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге; Білім алушылармен тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және саламатты өмірсалты мәдениетін қалыптастыруға міндетті. Білім беру ұйымы (мектепкедейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта,техникалық және кәсіптік білім беру) басшысының (меңгерушінің, директорының) тәрбие жұмысы жөніндегі (әдіскері) орынбасары тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етуге, тәрбие жұмысынадағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастыруға, тәрбие процесінің мазмұнымен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асыруға, тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік-психологиялық қызметтерімен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіруге міндетті.
Ал, тәрбиеші, сынып жетекші және кураторлар сыныпта достық ортаны, өзара түсіністікті құруға, білім алушылардың басқаларға деген жауапкершілігін, ұжымда жұмыс істей білуге баулуға, ата-аналар жиналысын өткізуге (педагогикалық консилиумдар, тренингтер, әңгімелер, ата-аналарға (басқа да заңды өкілдерге) арналған консультациялар), білім алушылардың оқу жетістіктері және ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері бойынша ата-аналармен өзара әрекеттесуге, аптасына бір рет (дүйсенбіде) сынып сағаттарын өткізуге міндетті. Кешенді жоспардың орындалуын бақылаумен басшылық жасау білім ұйымдарының бірінші басшыларына жүктеледі. Орындалған іс-шаралар әлеуметтік желілерде #Біртұтас_тәрбие хештегімен жарияланып отырады.
Біздің мектепте тәрбие жұмыстары бірнеше бағытқа бөлінген. Айталық, рухани-танымдық тәрбие бағыты бойынша тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпы адамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен, дәстүрлерімен келісетін рухани-адамгершілік және этикалық қағидаларын, оның моральдық қасиеттері мен ұстанымдарын қайта жаңғырту туралы «Рухани жаңғыру» құндылықтары негіздерінің, оның ішінде «Құндылықтарға негізделген білім беру», «Қоғамға қызмет» жобаларын іске асыру арқылы терең түсінігін қалыптастыру болатын.
Ал, ұлттық тәрбие бағыты бойынша тұлғаны ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлауға басымдық берілген.
Отбасылық тәрбие бағыты бойынша жеке тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға, ана тілі және мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, Қазақстан Республикасының этностары мен этностық топтарына құрмет көрсетуге бағыттау болатын.
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағыты бойынша кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы көзқарасты қалыптастыруға, экономикалық ойлауды және тұлғаның экологиялық мәдениетін дамытуға басымдық берілген.
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбие бағыты бойынша әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақпараттық, оның ішінде балалардың кибермәдениеті мен кибергигиенасы бойынша мәдениетті дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыруға, интернет-кеңістігіндегі мінез құлық мәдениетін, киберқауіпсіздік, қарым-қатынас мәдениетін, этикалық нормаларды сақтауға, қоғамға қарсы мінез құлықты қабылдамау мәдениетіне үйретуге көңіл бөлінеді.
Бүгінде таңда оқушыларға сапалы біліммен қатар саналы тәрбиені қатар беруге барынша көңіл бөлудеміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Біртұтас тәрбие бағдарламасында» көзделген құндылықтар да осыны көздейді.
Аимторы ЖУСЕЕВА,
Сұраншы батыр атындағы №97 жалпы білім беретін мектептің директоры.
Сайрам ауданы.