gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сапалы инвестиция әкелетін инвесторларға қосымша жеңілдіктер беру мәселесі айтылды

28 января, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сапалы инвестиция әкелетін инвесторларға қосымша жеңілдіктер беру мәселесі айтылды
Share on FacebookShare on Twitter

Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Онда Президент ең алдымен қазіргі таңда дүниежүзі түбегейлі өзгеріске ұшырап жатқанын айта келіп, жиында осы тұстағы өзекті мәселелердің тілге тиек етілетінін жеткізді. Өйткені, мұның еліміздің экономикалық ахуалына әсер ететіні сөзсіз. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкімет жұмысының басты бағыттарын айқындап, жаппай цифрландыру дәуірі, яғни жаңа технологиялық кезең басталғанына тоқталды.
– Күллі әлем мүлдем басқа жағдайда өмір сүреді. Біз соған міндетті түрде дайын болуымыз керек. Жаңа технологиялық ахуалға сақадай сай болуымыз қажет. Бұл – еліміздің бәсекеге қабілетін арттырып, тұрақты дамуына жол ашатын аса маңызды фактор.
Үкімет пен әкімдердің жұмысы қаншалықты тиімді екенін алдымен экономиканың даму көрсеткіштері мен азаматтардың тұрмыс сапасына қарай бағалаймыз. Осы жұмыстың нәтижесі былтыр қандай болды? Негізгі міндеттер орындалды ма? Бүгін осы сұрақтарға тоқталамыз және жақын арада шешімін табуға тиіс өзекті мәселелерді талқылаймыз, – деді Президент.
Яғни, елімізде жақын арада шешімін табуы тиіс өзекті мәселелер талқыланатын болады. Үкіметтің жыл бойы атқарған жұмысы сенім үдесінен шыға алды ма? Былтырғы жылдың қорытындысы қандай болды? Нәтиже байқала ма? Осы сұрақтарға да жауап алынбақ. Әрине, былтырғы көрсеткіштерге сүйенер болсақ, ел экономикасында өсім бар. Дегенмен, әлі күнге дейін шешімін күткен мәселелер аз емес. Бұл туралы Президент былай деді:
«Сырттағы ахуал күрделі болса да, елімізде жақсы нәтижелер бар. Ел экономикасы өсіп жатыр. Бірақ шешімін таппаған түйткілдер әлі де көп. Қазіргі таңдағы басты мәселе мынадай. Әлем экономикасында болып жатқан тарифтік тартыстар мен санкциялық текетірестер қалыпты жағдайға айналды. Бұл үдерістің салдары жойқын болуы мүмкін. Климатқа байланысты ұстанымдар да үлкен өзгеріске ұшырайтын болды. Мұндай жағдайда «жасыл энергетиканы» дамыту тәсілдерін қайта қарауға тура келеді. Бір жағынан, дәстүрлі қуат көздеріне деген сұраныс сақталады. Екінші жағынан, бұл мұнай, газ және көмір бағасының тұрақсыздығына әкеп соқтырады. Қаржы саласында криптовалюталар мен басқа да цифрлық активтер кеңінен қолданыла бастады. Жасанды интеллектіні дамыту алдыңғы қатарға шықты, соған байланысты технологиясы дамыған алып елдер арасында бәсеке қыза түспек. Жаңа дәуірдің сын-қатерлері аз емес. Оны еңсеру үшін бізге тиісті стратегия керек. Мен реформалардың нақты бағыты мен оны жүзеге асыру жолдары туралы осыған дейін де айттым. Үкімет ел экономикасын тұралап қалудан сақтап, орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін күрделі шешімдер қабылдауы керек және ең бастысы сол шешімдерді іске асыруға тиіс».
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл жұмыс жоғары білікті әрі жауапкершілік алуға дайын мемлекеттік қызметшілердің қолынан келетінін де атап өтті. Яғни әлемдік тәжірибеге зер салсақ, мемлекеттік аппараттың тиімділігін осындай күрделі кезеңдерде айқын көруге болады. Мұнан кейін Президент қаншалықты қиын болса да, жаппай үнемдеуге көшіп, қазына қаржысын аса өзекті мәселелерді шешуге ғана жұмсау қажеттігін жеткізді. «Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді. Орынсыз шығынды тоқтатып, аяғымызды тартып басу қажет», — дей келе Президент Үкіметтің және басқа да құзырлы органдардың жақын арадағы негізгі міндеттеріне тоқталды.
Қорыта айтқанда, қазіргі таңда әлем Қазақстанға үлкен сенім артып отыр. Бізді күллі дүние «орта держава» ретінде таниды. Дегенмен, бұл жоғары мәртебе сыртқы саясаттағы нақты нәтижелермен ғана емес, экономика, инвестиция, ғылым және технология салаларындағы жетістіктермен де көрінуі керек. «Тағы да қайталап айтамын: қазіргі жаңа геосаяси және экономикалық жағдайда индустрияға болсын, ауыл шаруашылығына болсын, жалпы ел экономикасына жеке инвестиция тарту – Үкіметтің басты міндеті. Бұл стратегия еліміздің ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүддесіне сай келеді. Сондықтан мұнда отаншылдықты желеу еткен жалған ұрандар орынсыз деп күмәнсіз айтуға болады. Сонда ғана Қазақстан өз экономикасына қосымша инвестиция тартады», — деді.

Жалпы инвесторларды тарту, өндірістік кәсіпорындарды көбейту еліміздің ресурстық әлеуетінің артуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік тудырады. Қазіргі таңда Кентауда шағын және орта бизнесті дамытып, тауарды экспортқа шағыруға барынша көңіл бөлінген. Өңірімізде инвесторлардың күшімен зауыт ашу ісі жүріп жатыр. Осының нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылуда.
Сондай-ақ, өңірімізде инвесторлармен келісімшарт түзуде, қарым-қатынас орнатуда туындаған мәселелерді шешу мақсатында инвестициялық штаб құрылған болатын. Оның жұмысы Президент атап өткен бюрократиялық кедергілерді жойып, жобаларды тезірек жүзеге асыруға бағытталған.

Арман БАСАРОВ,

Кентау қалалық мәслихатының депутаты

Previous Post

Түркістанда этносаралық бірлікті дәріптеген жиын өтті

Next Post

Көбірек табыс әкелетін дәнді-дақылға көшу қажет

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz