Түркістан облысының экономикалық тергеп тексеру департаментінің тапсырмасына сәйкес, тәртіп, жауапкершілік және өз-өзіңді жетілдіру туралы білімді кеңейту, қатысушылардың ойлау қабілетін дамыту және шығармашылықты ынталандыру мақсатында, Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталық» ғимаратында «ТӘРТІПТІ ӨЗІҢНЕН БАСТА» республикалық акциясы өтті.
Кездесуге Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Балғабаев Ерболат Темірболатұлы, Кентау қаласының әкімі Тасов Жандос Қалмырзаұлы қатысып, қоғамда белең алып бара жатқан қауіпті дерт – лудоманияға жол бермеу, алдын алу мен салдары бойынша ойларымен бөлісті.
Еркін форматта өткен жиында алғашқы сөзді алған қала әкімі Жандос Тасов, мәселені уақыттың еншісіне қалдырмай, тиісінше дұрыс әрекет жасап, жастарды дерттен сақтайтын шараларды қолға алу қажеттігін атап, лудоманиямен күресу үшін әрбір адам өз жауапкершілігін сезініп, қоғам болып бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Темірболатұлы жастармен тікелей еркін тақырыпта сөйлесіп, өмір жолындағы кездескен бірқатар үлгілі сәттерінен және ағалық жол бағыттар кеңестерімен бөлісті.
Жастар тарапынан сұрақ-ұсыныстар жолданып, пікір-алмасу ұйымдастырылды.Департаменттің аға жедел уәкімі Гүлзия Қарсыбай лудоманияның алдын алу жолдары мен интернет алаяқтарынан сақтану шаралары жайында ақпараттарымен бөлісті.
Келелі кездесу интеллектуалды ойынмен жалғасын тапты. Интеллектуалды ойын командалық жүйеде өткізілді. Интеллектуалды ойынға орта арнаулы оқу орындарының студенттерінен құралған 6 команда қатысып, қызықты да тартысты ойын көрсетті. Интеллектуалды ойынға қатысқан командаларға арнайы сыйлықтар мен қала әкімінің алғыс хаттары табысталды.