gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда Мансап орталығы қызметкерлерімен экстремизмнің алдын алу бойынша кездесу өтті

10 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда Мансап орталығы қызметкерлерімен экстремизмнің алдын алу бойынша кездесу өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығы – әрбір азаматтың рухани әрі ақпараттық иммунитетімен тығыз байланысты. Осыған орай Кентау қаласында деструктивті діни ағымдардың алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Жуырда осындай кезекті шара Мансап орталығы қызметкерлерімен өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – діни экстремизмнің алдын алу, қызметкерлердің діни сауаттылығын арттыру және теріс ағымдардың ықпалынан сақтау.

Кездесуде Кентау қалалық Руханият орталығының теолог маманы Ұ.Құлтай сөз сөйлеп, радикалды діни ағымдардың қоғамға тигізетін кері әсері, олардың идеологиялық негіздері мен таралу арналары туралы кеңінен түсіндірді.

-Ұлттың бүгіні мен келешегі — білімді жастардың қолында. Анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады. Расында, қазіргі кезде дінге бет бұрушы жастар қатары көбеюде. «Шөлдеген жан су көрсе, бас қоймай ма қайнарға», — деп дана, хакім Абай айтқандай, жылдар бойы рухани сусаған халық бірден дінге бас қойды. Алайда, дінсіздік деңдеген елдің ересегінің де, әсіресе жастарының діни санасы тым төмен. Осы себепті, діни білімнің төмендігінің себебінен жастарымыз ақ қараны әлі де ажырата алмай жүрген жайы бар. Жастар бір мемлекеттің ертеңгі құрушысына немесе бұзушысына айналады. Бір ұлттың ұлт болып қалуына кепіл тұлғалар. Жүрегінде иманы мен отанына, ұлтына деген сүйіспеншілігі бар жастар мемлекеттің тәуелсіздігі үшін ең үлкен кепілдік болмақ. Жас ұрпақты дұрыс тәрбиелесең, болашағың соншалықты зейнетті болмақ. Ал өзіндік ұстанымы мен пікірі болмаған жастар әркімнің жетегінде кетіп, елдің сорына айналады,-деді ол.

Сонымен қатар, деструктивті көзқарастардан сақтану жолдары, әлеуметтік желі мен интернет кеңістігінде тарап жатқан жалған діни ақпараттардан қорғану, ақпаратты тек ресми және сенімді дереккөздерден алу қажеттігі де атап өтілді.

Кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасып, орталық қызметкерлері тарапынан қойылған нақты сауалдарға теолог маман тарапынан жан-жақты жауаптар берілді.

Мұндай кездесулер – дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмысын жүргізудің тиімді тетігі ретінде діни тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Previous Post

«Жасыл қала» мекемесі қызметкерлерімен экстремизмнің алдын алу бойынша кездесу өтті

Next Post

Таза Қазақстан: Келестің елді мекендері асар дәстүрімен көркеюде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz