gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазығұрт ауданында 8 елді мекендегі 9 нысанда электр желілерінің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілмек

10 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Қазығұрт ауданында 8 елді мекендегі 9 нысанда электр желілерінің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілмек
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында биыл 160-тан астам жаңа нысанның құрылысы жоспарланған. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, іске асырылатын жобалар нақты жоспар бойынша жүзеге асып жатыр. Оның ішінде, электр энергиясымен қамтамасыз ету – басты назарда.

Биыл өңірде 41 электр нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 18 елді мекендегі 22,3 мың тұрғынды сапалы және тұрақты электр қуатымен қамту көзделіп отыр. Айта кету керек, Түркістан қаласында 110 кВ-тық «Солтүстік» қосалқы стансасы іске қосылып үлгерді. Сонымен қатар, Келес ауданындағы 220 кВ-тық «Қызыләскер» қосалқы стансасы және 110 кВ-тық «Л-6-А» электр желісі аяқталып, пайдалануға берілді. Осы арқылы Келес, Сарыағаш, Жетісай, Мақтаарал, Шардара, Қазығұрт аудандарының тұрғындары тұрақты электр қуатымен қамтылып отыр. Оған қоса, Төлеби ауданындағы 110 кВ-тық «Алатау» және Жетісай ауданындағы 110 кВ-тық «Жетісай» қосалқы стансаларының құрылысы жақын арада аяқталып, іске қосылмақ.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров бұл саладағы өзекті мәселелерді шешу үшін тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. «Тұрғындарды сапалы ауыз сумен, газбен және инфрақұрылыммен қамту – біздің басты міндетіміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 2025 жылдың соңына дейін барлық елді мекендерді таза ауыз сумен және тұрақты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – ел дамуының маңызды бағыты. Біз арнайы жоспар жасап, жүйелі жұмыс істеуіміз керек», – деді өңір басшысы.

Айта кетейік, Қазығұрт ауданында 61 елді мекеннің 60-ы электр жүйесімен қамтылған, бұл 98,4 пайызды құрайды. Ал, Өгем елді мекені дербес электр қондырғыларымен қамтамасыз етілген. Аудан бойынша электр қуатын «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің теңгеріміндегі 1 дана ПС-110/35/10 кВа және 12 дана ПС-35/10 кВа қосалқы станциялары қамтамасыз етеді. Ауданның орташа электр қуатына қажеттілігі 9-10 МВт/сағатты құрайды. Электр қуаты Шымкент қаласынан және «Шардара су электр стансасынан» тасымалданады.

Ағымдағы жылы 739,8 млн теңге қаржы бөлініп, Жаңаталап, Қызылата, Майбұлақ, Көкібел, Қызылдихан елді мекендерінде құрылыс жұмыстары толық аяқталып, электр желілері пайдалануға берілді. Ал, келесі жылы 8 елді мекендегі 9 нысанда электр желілерінің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілмек. Олар: Жаңаталап елді мекені – Суықбұлақ көшесі, Жаңаталап елді мекені – Рсымбетұлы 2-көшесі, Қарабау елді мекені – Айнақұлов және Абай көшелері, Қосағаш елді мекені – Сапиев көшесі, Шарбұлақ ауыл округі – Шарбұлақ елді мекені, Жігірген ауыл округі – Айнатас елді мекені, Сарапхана ауыл округі – Сарапхана елді мекені, Сарапхана ауыл округі – Талдыбұлақ елді мекені, Жігірген ауыл округі – Жігірген елді мекені.

Сонымен қатар, 661,4 млн теңге тұратын 5 нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) әзірленіп, сараптама қорытындысы алынып, бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс берілген. Бұл нысандар: Қарабау ауыл округі – Үшбұлақ елді мекені, Сарапхана ауыл округі – Жіңішке елді мекені, Қарабау елді мекені – Төлеби көшесі, Қосағаш елді мекені – Жастар көшесі, Сарапхана ауыл округі – Маханбет елді мекені.

Қазығұрт ауданы бойынша Т-1 аймағында 4-5 МВт/сағ, Т-2 аймағында 5-6 МВт/сағ электр қуатына сұраныс бар.

Энергетика саласындағы бұл жүйелі жұмыстар өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырумен қатар, әлеуметтік және экономикалық өсудің берік іргетасын қалауда. Облыста жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар – Президент тапсырмаларының нақты орындалып жатқанын көрсетеді. Алдағы уақытта нақты жоспар мен үйлесімді еңбек нәтижесінде Түркістан облысы электр қуатымен толық және тұрақты қамтылған аймаққа айналмақ.

Previous Post

Кентауда «Жасыл ел» еңбек маусымы басталды

Next Post

Түркістан облысында қонақүй қызметінің сапасы жақсарып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz