gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында қонақүй қызметінің сапасы жақсарып келеді

10 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында қонақүй қызметінің сапасы жақсарып келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы туристік әлеуеті жоғары өңір ретінде жыл өткен сайын отандық және шетелдік саяхатшылардың қызығушылығын арттырып келеді. Әсіресе облыс орталығы Түркістан қаласының тарихи және рухани мәртебесі туризм саласының дамуына тың серпін беруде.

Бүгінде қалада 68 қонақүй мен хостел, 160-қа жуық қоғамдық тамақтану орны жұмыс істейді. Олардың қатарында халықаралық деңгейдегі «Rixos Turkistan», «Karavansaray», «Ramada by Wyndham» және «Hampton by Hilton» сынды танымал қонақүйлер бар. Бұл нысандардың қызмет сапасын арттыру — жергілікті биліктің басты назарында.

Осыған орай Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов қонақүй және мейрамхана өкілдерімен кездесіп, саладағы өзекті мәселелер мен даму мүмкіндіктерін талқылады. Еркін форматта өткен жүздесуде қызмет сапасын жетілдіру, кадр даярлау, тіл меңгеру және туризм стандарттарын енгізу жайы қозғалды.

– Қалаға шетелдік туристердің келуі артып отыр. Бұл өз кезегінде қонақүйлер мен мейрамханалардың табысын арттыруға мүмкіндік береді. Сол себепті қызмет сапасы халықаралық стандарттарға сай болуы қажет. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, жол картасын әзірлеп, жүйелі мониторинг жүргіземіз. Түркістанның туристік беделін көтеру – бәрімізге ортақ міндет, – деді Зұлпыхар Жолдасов.

Облыстық туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуовтің айтуынша, 2023 жылы өңірдің туризм саласындағы жалпы кірісі 25 млрд теңгеге жеткен. Бұл салада 3 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Ал 2025 жылдың алғашқы төрт айында туризм саласына тартылған инвестициялар көлемі 9,8 млрд теңгені құрады.

Жыл соңына дейін «Lords Heir», «Khan Palace 2», «Yassy Hall and Apartments» қонақүйлері мен «Болашақ құрылыс» ЖШС-нің демалыс аймағы сынды бірқатар нысан іске қосылады. Сонымен қатар биыл облыс көлемінде 47 туристік инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Түркістан қаласындағы Күлтөбе қалашығын абаттандыру жұмыстары да жалғасуда.

Салаға қатысты өзекті мәселелерді анықтау үшін туризм басқармасы тарапынан әлеуметтік желілер мен туристік платформалардағы пікірлер мен ұсыныстар сарапталған. Қызмет көрсету сапасы, гидтердің кәсіби деңгейі мен тазалық бойынша бірқатар кемшілік анықталған. Бұл бағытта тиісті шаралар қабылданып, облыстың 2025–2027 жылдарға арналған туризмді дамыту жоспарында шешу жолдары қарастырылған.

Басқосуда облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев туризм бойынша салалық кеңестің жұмысын баяндап, кеңесте 40-қа жуық кәсіпкердің ұсыныс-пікірлері тұрақты түрде қаралып отыратынын жеткізді. Ал Еуразиялық туризм қауымдастығының президенті Рысты Карабаева қонақүй қызметкерлері мен гидтер үшін тәжірибелік семинарлар өткізу қажеттігін айтты.

Кездесуде кәсіпкерлер субсидиялау, кәріз жүйелерін жаңарту, білікті мамандар даярлау сынды мәселелерді көтеріп, нақты ұсыныстарын жеткізді. Жергілікті билік бұл ұсыныстарды назарға алып, жүйелі жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді.

Previous Post

Қазығұрт ауданында 8 елді мекендегі 9 нысанда электр желілерінің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілмек

Next Post

«Жасыл қала» мекемесі қызметкерлерімен экстремизмнің алдын алу бойынша кездесу өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz