gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сайрам ауданында кірістерді ұлғайту және экономикалық өсімді арттыру жолдары талқыланды

12 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сайрам ауданында кірістерді ұлғайту және экономикалық өсімді арттыру жолдары талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің аудан, қалаларға жұмыс сапары жалғасуда. Бұл жолы ол Сайрам ауданындағы бірнеше нысандарды ашып, тұрғындармен қуанышымен бөлісті. Одан кейін аудан активімен кездесіп, Сайрамның даму жолдарын талқылады. Өңір басшысы ауданның әлеуеті толық қолданылмай отырғанын атап өтіп, кемшіліктерді жоюды тапсырды. Сонымен қатар, ауыл округі әкімдеріне жұмысты ширатуды және осы мәселеге қатысты нақты шаралар қабылдауды ескертті.

Нұралхан Көшеров өз сөзінде: «Жол жөндеу, инвестиция тарту, кірістер көзін ұлғайту, салық жүйесіндегі кемшіліктерді жоюды тапсырамын. Экономиканы әртараптандыру және жергілікті жобаларды іске асыру – стратегиялық міндет. Мемлекет тарапынан барлық қолдаулар көрсетіліп жатыр. Нақты міндеттерді орындау кезінде ауылдық округ әкімдеріне салғырттыққа жол беруге болмайды. Осыған байланысты, 10 күн ішінде әр ауылдық округ кесіндісінде 2025 жылға жоспарланған жобалар бойынша нақты мерзімдерін көрсете отырып, салалық басқармамен келісіп, Жол картасын әзірлеуді тапсырамын. Мемлекеттік міндеттерді орындауға салғырт қараған әкімдердің тәртіптік жауапкершілігі қаралатынын қатаң түрде ескертемін», — деп атап өтті.

Сонымен бірге, әкім «Таза Қазақстан» бағдарламасын сапалы атқару керектігіне де тоқталды. Мәжіліс барысында Сайрам ауданының әкімі Арман Сабитов өзінің есебін ұсынды. Басқарма басшылары өз салалары бойынша индикаторлардың орындалуы туралы баяндамалар жасап, жетістіктер мен кемшіліктерді айтып өтті.

Облыс әкімі тарапынан нақты тапсырмалар беріліп, олар хаттамаға енгізілді.

Сайрам ауданында 5 айдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд. теңгеге жетіп, өсім 32,6%-ды құрады. Жалпы өнімнің 32,9%-ы ауыл шаруашылығына, 26,8%-ы өнеркәсіп саласына тиесілі. Биылғы жылдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемін 354,0 млрд. теңгеге жеткізіп, 13,4% өсім жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы саласында 5 айда 37,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, өсім 4,1% деңгейінде болды. Өсімдік шаруашылығында 1,6 млрд. теңгенің, мал шаруашылығында 35,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Жыл басынан бері 14,9 мың тонна ет, 71,8 мың тонна сүт өндірілді. Биылғы жылы агроөнеркәсіп кешенінде өнім көлемін 160,0 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған.

Сайрам аудан экономикасына 29,2 млрд. теңге инвестиция тартылып, былтырға қарағанда өсім 2,4 есеге жетті. Тартылған инвестицияның 73,6%-ы жеке инвестициялардан құралады.

Previous Post

Сайрам ауданында жаңа заманауи спорт кешені пайдалануға берілді

Next Post

Өндіріс әлеуеті артты: Түркістан облысының әкімдері Саурандағы кәсіпорындарды аралады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz