gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сайрам ауданында жаңа заманауи спорт кешені пайдалануға берілді

12 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сайрам ауданында жаңа заманауи спорт кешені пайдалануға берілді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Сайрам ауданына қарасты Қарасу ауылында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Кешеннің салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жергілікті тұрғындарға ізгі тілегін білдірді.

«Өңірде әлеуметтік нысандардың саны артқаны қуантады. Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Осы жаңа спорт кешені ауданның спорт саласын дамытуға серпін береді деп сенемін. Бұл ғимараттан ел чемпиондары шығады деген үміттемін!» – деді облыс әкімі.

Салтанатты жиында ауыл ақсақалы Ә. Байназар мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, даңқты бокс бапкері М. Айтжанов сөз алып, Мемлекет басшысы мен облыс әкімдігіне алғыстарын білдірді.

Ғимараттың лентасы қиылып, облыс әкімі тұрғындармен бірге спорт кешенін аралап шықты. Бұл кешеннің құрылысы Сайрам аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің тапсырысымен «НурТехСервис» ЖШС тарапынан 2023 жылы басталған. Нысан Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен бой көтерді. 2 қабатты ғимараттың жалпы ауданы 646 шаршы метрді құрайды. Кешен 3,2 гектар аумақта орналасқан.

Спорт кешенінде спорт залдары, жаттығу залдары, киім ауыстыру және жуыну бөлмелері, қоймалар, қызметкерлерге арналған кабинеттер, дәрігер кабинеті, процедуралық бөлмелер мен басқа да қажетті инфрақұрылымдар қарастырылған. Кешенде жастар гандбол, баскетбол, волейбол, күрес, бокс, гимнастика, жеңіл және ауыр атлетика секілді спорт түрлерімен шұғылдана алады. Кешенде күніне орта есеппен 60-70 адам жаттығуға мүмкіндік алады.

Жаңа спорт кешенінің ашылуы жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, ауданның спорт саласын одан әрі дамытуға зор үлес қосары сөзсіз.

Previous Post

Сайрам ауданының 32 отбасы жаңа баспаналы болды

Next Post

Сайрам ауданында кірістерді ұлғайту және экономикалық өсімді арттыру жолдары талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz