gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында заманауи мал бордақылау кешені мен ет комбинаты іске қосылды

12 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында заманауи мал бордақылау кешені мен ет комбинаты іске қосылды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылында «KAZ ECO MEAT» ЖШС-нің 5 мың басқа арналған заманауи ірі мал бордақылау алаңы іске қосылды. Бұл жаңа кешеннің ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы барып, кәсіпорынның жұмысымен танысты.

Жоба құны 8,5 миллиард теңгені құрайды. Алаң жылына 5000 бас ірі қара мен 10 000 тонна ет өңдеуге қабілетті. Кешен 13 гектар аумақта орналасып, 100 жаңа жұмыс орны ашылды. Өндірістік кешеннің құрал-жабдықтары Беларусь, Қытай және Түркия елдерінен жеткізілген. Өндіріс үшін қажетті мал жергілікті фермерлік шаруа қожалықтарынан және солтүстік өңірлерден тасымалданады.

Кешен жоғары техникалық құралдармен жабдықталған және малдан алынатын өнімдерді толық пайдалану мақсатында арнайы автоматтандырылған жем беру жүйесі орнатылған. Сондай-ақ, қанды жинауға арналған арнайы құрал-жабдықтар мен қондырғылар қолданылады. Қанды өңдеп, арнайы өнімдер шығару үшін арнайы технологиялар енгізілген. Малдың сүйектері де өңделіп, қалдықсыз өндіріс принципі бойынша жұмыс істейді. Бұл ет комбинаты халықаралық талаптарға сай жұмыс істеп, экспортқа бағытталған.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров кәсіпорынның жұмысын тексеріп, жауапты мамандарға жобаның сапалы атқарылуын және экспорт көлемін арттыруды тапсырды.

Салтанатты шарадан кейін облыс басшысы Сайрам ауданының Манкент елді мекенінде орналасқан «NURYM GROUP» ЖШС-нің құрама жем өңдеу зауытының жұмысын бақылап, зауыттың басшысы Сырым Ертаевтан оның жұмыс жүйесі туралы мәлімет алды. Зауыттың құрылысы инновациялық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылған.

Құрама жем өңдеу зауытының жобалық құны 2,2 миллиард теңге болды. Зауытта 12 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпорынның сағатына 20 тонна жем өңдеуге мүмкіндігі бар. Құрама жем қоспасы арқылы малазықтық өнімдер өңделеді. Жалпы алаң 7,25 гектарды құрайды. Бұл нысан жеке кәсіпкердің қаржысы есебінен салынған. Түркиямен жасалған келіссөздер нәтижесінде арнайы қондырғылар жеткізіліп, зауыт биыл толық іске қосылып, тұрақты жұмыс істей бастады.

Түркістан облысында аграрлық секторды дамыту, мал шаруашылығын қолдау және өңдеу өндірісін өркендету бағытында үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Жаңа кешендер мен зауыттар ауыл шаруашылығын дамытуға және экспорттық әлеуетті арттыруға үлес қосады.

Previous Post

Түлкібаста сенбілікке 250-ге жуық адам қатысып, туристік аумақтар тазартылды

Next Post

Сайрам ауданының 32 отбасы жаңа баспаналы болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz