gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында 32 мың гектар жерге тамшылатып суғару жүйесі енгізілді

10 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында 32 мың гектар жерге тамшылатып суғару жүйесі енгізілді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында ел тарихында тұңғыш рет бір мезгілде 32 мың гектар жерге тамшылатып суғару технологиясы енгізілді. Бұл бастама өңірдің мақта шаруашылығына тың серпін беріп, су үнемдеу технологияларының тиімділігін дәлелдеді.

Отырар ауданында «Мақта дақылын жаңа технологиямен егудің тиімділігі» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өтті. Облыс әкімдігі, облыстық прокуратура, Ауыл шаруашылығы басқармасы мен Отырар, Арыс әкімдіктерінің, сондай-ақ «Түркістан» ӘКК-нің ұйымдастыруымен өткен шара мақта өндірісінде су үнемдеу әдістерін енгізу, тыңайтқыштарды тиімді пайдалану, сондай-ақ өнімділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Семинарда облыс әкімі Нұралхан Көшеров сөз алып, су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстарының маңыздылығына тоқталды.

«Халықтың әл-ауқаты агроөнеркәсіптік кешеннің дамуымен тығыз байланысты. Мемлекет басшысы аграрлық салаға ерекше көңіл бөліп, инновациялық амал-тәсілдерді енгізуді тапсырды. Түркістан облысы ауыл шаруашылығында жыл сайын 1 трлн теңгеден астам өнім өндіреді. Су үнемдеу технологиялары арқылы мақта өндірісін арттыруымыз қажет. Биыл 27 мың гектарға жаңа технология енгізілсе, 59 мың гектар алқапқа су үнемдеу әдістері енгізілмек. 2030 жылға дейін осы әдіспен суармалы жердің 50 пайызы қамтылады», — деді аймақ басшысы.

Семинарға қатысушылар «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС аумағында егілген мақта алқабымен танысты. Мұнда ауыл шаруашылығы дақылдарына қажетті тұқым, көшет, тыңайтқыштар, биоагенттер, агродрондар, гербицидтер мен пестицидтер сатушылардың көрмесі ұйымдастырылды.

Жиын барысында ғалымдар, құқық қорғау органдары өкілдері, жергілікті әкімдіктер мен агроқұрылым жетекшілері су үнемдеу технологиялары мен мақта өндірісін дамыту бағытында өз тәжірибелерімен бөлісті. Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев, «Түркістан мақта агроөнеркәсіп кешені» ЖШС Бас директоры Янь Цивэнь, «Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС басшысы Амандық Қостақов, «Таймас 2024» ЖШС басшысы Болат Құрақбаев және басқа да спикерлер өз баяндамаларында жаңа технологиялар мен олардың мақта өндірісіне тигізетін оң әсерін атап өтті.

Семинар-кеңесте сондай-ақ су үнемдеу технологияларын енгізудің тиімділіктері мен тәжірибесі сөз болып, ауыл шаруашылығында тыңайтқыштар мен су үнемдеудің маңыздылығы талқыланды.

Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын енгізуге арналған 4 кәсіпорын іске қосылып, бұл жұмыстардың ауқымы кеңейтілуде. Жергілікті кәсіпорындар жыл сайын 1000 дана жаңбырлатып суғару машиналарын, 14 мың гектарға арналған тамшылатып суғару жүйесін, сондай-ақ суармалы жерлерді тиімді пайдалану үшін заманауи құрылғылар шығаруда.

Айта кетейік, Түркістан облысында 2025-2026 жылдары толық циклді мақта-тоқыма кластерін құру жоспарланған. Бұл жоба аясында мақта өсіруден бастап, иіру өндірісі, мата шығару, өңдеу және дайын өнімге дейінгі барлық кезең қамтылатын болады.

Түркістан облысы аграрлық секторды дамытуға ерекше көңіл бөліп, ауыл шаруашылығын жаңғырту, су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы әлемдік стандарттарға сәйкес өнім өндіруді мақсат етіп отыр.

Previous Post

Түркістан облысында жаңа өндіріс орындарының құрылысы жеделдетіледі

Next Post

Рухани қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының кепілі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz