gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Рухани қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының кепілі

11 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Рухани қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының кепілі
Share on FacebookShare on Twitter

Қарнақ ауылдық округіне қарасты Шаш-төбе елді мекенінде діни экстремизм мен радикалды ағымдардың алдын алу мақсатында тұрғындармен түсіндіру кездесуі өтті. Бұл шара – өңірде жүргізіліп жатқан рухани ағарту жұмыстарының бір бөлігі ретінде ұйымдастырылды.

Кездесуді «Кентау қалалық Руханият орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды. Шараға орталықтың инспекторы Бейсен Самбетов пен теолог маман Ұлан Құлтай және ауыл тұрғындары қатысты.

Жиын барысында теолог маман дін атын жамылып, қоғамда алауыздық тудыруға бағытталған жалған діни ағымдардың идеологиясы, олардың белгілері мен таралу тәсілдері туралы кеңінен әңгімелеп берді. Ол сондай-ақ мұндай ұйымдардан сақтану үшін әрбір азаматтың діни сауаттылығы жоғары болуы қажет екенін ерекше атап өтті.

– Қазіргі заманда түрлі әлеуметтік желілер мен бейресми ақпарат көздері арқылы радикалды идеология кең таралуда. Осыған байланысты азаматтарымыз діни ақпаратты тек ресми, мемлекеттік тіркеуден өткен дереккөздерден алуы тиіс, – деді Ұ.Құлтай.

Сондай-ақ, кездесу барысында ұлттық салт-дәстүр мен рухани құндылықтардың маңыздылығы жөнінде де сөз қозғалды. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасы – жастарды тәрбиелеудің және қоғамда татулық орнатудың негізгі тетігі екені айтылды.

Кездесу соңында арнайы дайындалған ақпараттық үнпарақшалар тұрғындарға таратылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді. Жергілікті тұрғындар өз тараптарынан мұндай кездесулердің маңызын атап өтіп, рухани тұрақтылықты сақтау бағытында алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс жүргізуге дайын екендіктерін білдірді.

Айта кетейік, «Руханият» орталығының бұл бағыттағы жұмыстары Кентау қаласы мен ауылдық округтерде тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Мақсат – ел ішіндегі тұрақтылықты сақтау, халықтың діни сауаттылығын арттыру және теріс идеологияға қарсы қоғамдық иммунитет қалыптастыру.

Previous Post

Түркістан облысында 32 мың гектар жерге тамшылатып суғару жүйесі енгізілді

Next Post

Этносаралық татулық – ел бірлігінің негізі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz