gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Этносаралық татулық – ел бірлігінің негізі

11 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Этносаралық татулық – ел бірлігінің негізі
Share on FacebookShare on Twitter

Қарнақ және Жүйнек ауылдары арасында «Жастар және бейбітшілік мәдениеті» тақырыбында тұрғындармен кездесу өтті. Шараның басты мақсаты – этносаралық келісімді нығайту, жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға баулу, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және ата-аналардың тәрбие беру ісіндегі жауапкершілігін арттыру.

Жиынды Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Кентау қалалық және Сауран аудандық филиалдары ұйымдастырды. Кездесуге Кентау қалалық ҚХА жанындағы ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары, Қарнақ ауылының ақсақалдар кеңесінің төрағасы, ауылдың бас имамы, сондай-ақ Кентау қалалық және Сауран аудандық өзбек этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, көше билері мен белсенді тұрғындар қатысты.

Кездесу барысында сөз алғандар этносаралық татулық пен қоғамдық келісім – ел болашағы үшін аса маңызды фактор екенін атап өтті. Олар бейбітшілікті сақтау, тұрақтылықты нығайту – әрбір азаматтың парызы екенін, ал ұрпақ тәрбиесінде отбасы, мектеп және қоғамның рөлі өзара байланысты екенін жеткізді.

Жиынға қатысушылар жастардың тәрбиесі мен құқықтық санасын қалыптастыруда жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігіне тоқталып, этносаралық қарым-қатынасты нығайту бағытында жергілікті деңгейде атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті.

Бұл сияқты кездесулер ел ішіндегі бірлікті бекемдеп, жас ұрпақты бейбітшілік пен толеранттылық рухында тәрбиелеуге сеп болады. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.

Previous Post

Рухани қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының кепілі

Next Post

Сауран ауданында қосымша су қоймалары салынатын болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz