gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында жаңа өндіріс орындарының құрылысы жеделдетіледі

10 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында жаңа өндіріс орындарының құрылысы жеделдетіледі
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында жаңа өндіріс орындары ашылуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен инвестициялық штабтың кезекті отырысында жаңа жобаларды іске асыру барысы талқыланып, бірқатар түйіткілді мәселелердің шешу жолдары қаралды.

Аймақ басшысы өткен штаб отырысында алдыңғы тапсырмалардың орындалу барысын бақылап, жауапты басшыларға жаңа тапсырмалар жүктеді. Түркістан өңірінің экономикасын жаңа деңгейге көтеру, облыстың дотациядан шығуы және жаңа жұмыс орындарының ашылуы басты міндеттердің бірі ретінде қойылды.

«Біз әрбір жобаның сәтті жүзеге асуына қолдау көрсетеміз. Мақсатымыз бір – жаңа өндіріс орындарын іске қосу. Жаңа жоба – жаңа жұмыс орны, жаңа табыс көзі. Бұл жобалар облысымыздың экономикасының дамуына драйвер болады деп сенемін», – деді Нұралхан Көшеров.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков инвестициялық жобалардың қазіргі жай-күйі мен қажетті инфрақұрылыммен қамту мәселелеріне тоқталды. Оның айтуынша, Сауран ауданындағы Шағын өнеркәсіптік аймағында «TALIFA» ЖШС кептірілген жемістерді өндіру жобасы іске қосылуда. Өндірістік ғимараттың құрылысы аяқталу алдында, қазіргі уақытта 30 тоннаға жуық шикізат Түркістан қаласына жеткізілген. Кәсіпорын бір айдан кейін жұмысын бастамақ.

Түркістан қаласының «Turkistan» индустриалды аймағында «Мұнай Инвестмент Групп» ЖШС битум өндіретін зауыт пен қойманы салу жұмыстарын қолға алды. Бұл мақсатта қажетті 5 шақырым теміржол желісінің жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Шардара ауданында «Казкрахмал» ЖШС жүгеріні терең өңдеу зауытының құрылысын бастады. Жүгері дәнін егу үшін 400 гектар жер учаскесі қарастырылған.

Жиында тау-кен металлургия кешеніне арналған ауыр жабдықтар өндіретін зауытты, жиһаз фабрикасын, ет комбинатын және бу қазандықтарын құрастыратын зауыттың құрылысын бастау үшін қажетті инфрақұрылыммен қамту мәселелері қозғалды.

Түркістан облысы экономикасының дамуына тың серпін беретін 110 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылған. 2025-2028 жылдары жүзеге асырылатын жобалар аясында 322 млрд теңгеге 57 инвестициялық жоба іске қосылып, 6908 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Облыс әкімінің айтуынша, өңірде инвестициялық ахуалды жақсарту және жаңа өндіріс орындарын ашу жұмыстары жалғаса береді.

Previous Post

Төлеби ауданында 59,4 шақырымға созылатын 43 көше орта жөндеуден өтуде

Next Post

Түркістан облысында 32 мың гектар жерге тамшылатып суғару жүйесі енгізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz