gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жетісай ауданында қосалқы электр станциясы іске қосылады

3 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жетісай ауданында қосалқы электр станциясы іске қосылады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасып, Жетісай ауданына жаңа жобалар енгізілуде. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасы бойынша аймақта электр қуатының сапасын арттыру мақсатында ауқымды шаралар қолға алынған. Бұл бағытта Жетісай қаласында жаңа қосалқы электр станциясының құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде.

Қазіргі уақытта «Vek-Story-Com» ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асырып жатқан жобаның сметалық құны 1 300 215 мың теңгені құрайды. Қуаттылығы 110/35/10 кВ болатын станция өткен жылдың қыркүйегінде басталып, биыл толық пайдалануға берілуі жоспарлануда. Құрылыс жұмыстарының 90 пайыздан астамы аяқталды.

Станция іске қосылғаннан кейін Жетісай қаласының 12 көп қабатты үйі, яғни, 440 пәтерлі 1842 абонент тұрақты әрі сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, бұл жоба аясында 15-ке тарта азамат тұрақты жұмыс орнымен қамтылатын болады.

Бұл жобаның жүзеге асуы, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, сондай-ақ, аймақтағы инфрақұрылымның тиімділігін арттыруға үлкен септігін тигізеді.

Previous Post

Ынтымағы жарасқан жастар – ел болашағы

Next Post

Түркістандағы су шаруашылығына жаңа техникалар тарту етілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz