Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте елді мекендердегі көгалдандыру жұмыстары мен қоқыс полигондарын реттеу мәселелері қаралды. Өңір басшысы жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне жұмыстарды жүйелеу және жандандыруды тапсырды.
Облыстағы елді мекендерде көгалдандыру жұмыстарын күшейту қажеттілігі атап өтілді. Әсіресе, көшеттерді отырғызу, олардың сапасын бақылау, суару және желден қорғау жұмыстарына назар аудару қажет. Нұралхан Көшеров әрбір әкімдіктің көшеттерді арнайы қағидаға сәйкес отырғызып, тұқымбақтан уақтылы алып келуін қамтамасыз ету керектігін айтты.
Биыл облыста 1 миллионнан астам көшет егу жоспарланып, оның ішінде көктем айларында 439 965 түп көшет отырғызылды. Қалған 69 мың көшет демеушілер мен аудан, қала әкімдіктерінің бюджеттері есебінен алынған. 2021-2025 жылдар аралығында 1,1 миллион көшет егу жоспарланған.
Сапа көрсеткіштеріне тоқталғанда, Түркістан, Арыс, Созақ және басқа да аудандарда көшеттердің өнімділігі жоғары екені байқалды. Ал кейбір өңірлерде, әсіресе, Сарыағаш және Отырар сияқты аудандарда көшеттердің өнімділігі төмен, себебі суару және күтім жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмеген.
Кентау қаласында көшеттерді күтіп-баптау жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілуде. Бұл тәжірибе өңірдің барлық ауданында енгізілуі қажет деп атап өтілді.
Мәжілісте қоқыс полигондарын реттеу мәселесі де көтерілді. Облыс аумағында 128 қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон бар, бірақ олардың 70%-ы санитарлық-экологиялық талаптарға сәйкес келмейді. Қоқыс өңдеу және полигондарды реттеу жұмыстарының аясында биыл 3 жаңа полигонның құрылысына 598 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар, ғарыштан алынған суреттер арқылы бей-берекет қоқыс тасталған 107 нүкте анықталып, 81-і жойылды.
Облыс әкімі атқарылған жұмыстардың нәтижесін қадағалап, келешекте көгалдандыру мен қоқыс полигондарын реттеу бағытында жұмыстарды жалғастыру қажеттігін айтты.



