gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сауранда өзен жағалауы қоқыстан тазартылды

30 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сауранда өзен жағалауы қоқыстан тазартылды
Share on FacebookShare on Twitter

Сауран ауданында «Табиғатқа қамқорлық жасау» күніне орай экологиялық акция ұйымдастырылды. Іс-шара аудан әкімдігі мен аудандық полиция бөлімінің бірлескен бастамасымен өтті. Оранғай ауылдық округі аумағында өткен сенбілікке 100-ге жуық адам қатысып, 7 арнайы техника жұмылдырылды.

Тазалық жұмыстары барысында Қарашық өзенінің 7 шақырымдық жағалауы тұрмыстық қалдықтардан толықтай тазартылды. Сенбілікке мемлекеттік қызметшілермен қатар, жергілікті тұрғындар, жастар және еңбек ұжымдары белсенді атсалысты.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Сихымбай арнайы қатысып, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысын білдірді. Ол өз сөзінде:
— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударып келеді. Бүгінгі бастама – осы бағыттағы нақты іс-шаралардың бірі. Табиғатты аялау – болашаққа қамқорлық. Осындай игі істер ел бірлігі мен азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі, — деді.

Айта кетейік, бұл акция «Заң мен тәртіп апталығы» аясында қолға алынған жоспарлы шаралардың бірі болып табылады. Сауран ауданында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табуда.

Previous Post

Түркістан облысында көгалдандыру және экологиялық тазалықты қамтамасыз ету шаралары күшейтілді

Next Post

Арыстағы Көкжиде ауылы табиғи газға қосылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz