gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысының жергілікті бюджеті 114,7%-ға орындалды

27 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысының жергілікті бюджеті 114,7%-ға орындалды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша облыс бюджетінің атқарылуы және макроэкономикалық көрсеткіштер жоспарға сәйкес орындалып, оң нәтижелерге қол жеткізілді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбековтың төрағалығымен өткен жиында мәлімделді.

Жиында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндама жасап, 2025 жылдың алғашқы бес айында Түркістан облысының қысқа мерзімді экономикалық өсімі 120,4%-ды құрағанын атап өтті. Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, экономикалық өсімді 7%-ға жеткізу міндеті орындалып, өнеркәсіп өнімінің көлемі 593,0 млрд теңгеге жеткен. Өңдеу және тау-кен өнеркәсібі есебінен бұл көрсеткіш 14,8%-ға артқан. Жалпы алғанда, жоспар 105,5%-ға орындалды.

Облыс бюджетін атқару мәселесі де басты назарда болды. Облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Қайрат Елібаев жергілікті бюджетке 114,3 млрд теңге түсіп, жоспардың 114,7%-ы орындалғанын жеткізді. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, облыстың өзіндік кірістерінің өсімі 16%-ды құраған.

Облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков осы жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша бюджеттердің сапалы атқарылуын қамтамасыз ету және қаржыларды игеруде бақылауды күшейтуді тапсырды. Жиында аудан, қала әкімдері мен бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне тапсырмалар беріліп, жұмыстарды заң аясында және тиімді жүргізу қажет екендігі айтылды.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы аймақ басшысының тұрақты бақылауында болып, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу жұмыстары жалғасатын болады.

Previous Post

Мақтааралда 8 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологиясы енгізіледі

Next Post

Шардаралық бүлдіршіндер «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz