gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төлебиде өткен тазалық шарасына әлем чемпионы Арман Оспанов қатысты

26 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Төлебиде өткен тазалық шарасына әлем чемпионы Арман Оспанов қатысты
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде басталған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Түркістан облысы Төлеби ауданында сенбілік ұйымдастырылды. Әлем чемпионы, халықаралық деңгейде танымал қазақ MMA файтері Арман Оспанов тазалық шарасына қатысып, тұрғындарға экологиялық мәдениет пен тазалықты сақтау маңыздығын жеткізді.

Арман Оспанов — әскери самбодан үш дүркін әлем чемпионы, жауынгерлік самбодан үш дүркін әлем кубогының жеңімпазы және бразилиялық джиу-джитсудан екі дүркін Азия чемпионы. Сонымен қатар, ол ережесіз жекпе-жектерден халықаралық турнирлердің жеңімпазы, спорттағы көптеген жетістіктері үшін ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атағын алған спортшы. Спортшының қоғамдық шараларға белсене қатысуы жастар үшін үлкен үлгі болып табылады.

Тазалық шарасына Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов бастаған 100-ден астам мемлекеттік қызметкер мен жергілікті тұрғындар қатысты. Біркөлік аймағында ұйымдастырылған шара барысында 12 шақырым аумақ қоқыстан тазартылып, 6 арнайы техника көмегімен қалдықтар белгіленген орынға жеткізілді.

Сенбілік барысында демалыс аумағындағы қоқыстар жиналып, өзен жағалаулары мен жол жиегі тазартылды. Әлем чемпионы Арман Оспанов пен аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов табиғаттың баршаға ортақ байлық екенін атап өтіп, тұрғындарды экологиялық мәдениетті арттыруға және тазалықты сақтауға шақырды.

Бұл шара тұрғындарға табиғатқа қамқорлықпен қарау, өз аумақтарын таза ұстау қажеттігін тағы да еске салып, осындай бастамалардың маңыздылығын арттырады.

Previous Post

Түркістан облысында орман шаруашылығын дамыту мәселелері қаралды

Next Post

Кентауда діни экстремизмнің алдын алуға арналған кездесу өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz