gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында орман шаруашылығын дамыту мәселелері қаралды

26 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында орман шаруашылығын дамыту мәселелері қаралды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың төрағалығымен орман шаруашылығын дамыту және табиғат қорғау саласындағы өзекті мәселелер бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиында Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи парк басшысы, Қазығұрт ауданындағы «Жасыл желек» мекемесінің басшысы мен Шардара ауданындағы «Орман және жануарлар әлемін қорғау» мекемелерінің басшылары өз есептерін беріп, алдағы жоспарлар мен мәселелерді талқылады.

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи парк басшысы Ақыл Әбдіқадыров мекеменің 119 949 гектар жерді қамтитынын атап өтіп, оның 63 569 гектары орманды аймақ екенін хабарлады. Орман шаруашылығын дамыту үшін үш бөлімше жұмыс істеп, бұл салада 50 техника бар. Алайда, өрт сөндіруге арналған екі көлік жаңартуды қажет етеді. Сонымен қатар, жыл басынан бері 148 рейд өткізіліп, 104 заң бұзушылық анықталған. Мекеме басшысы орман шаруашылығын толықтыру үшін арнайы техника мен көшеттерді күтіп-баптауға арналған құрылғылар сатып алу қажеттігін алға тартты.

Қазығұрт ауданындағы «Жасыл желек» мекемесінің басшысы ағымдағы жылы 180 мың көшет отырғызылғанын мәлімдеді. Өткен жылы 950 мың көшет таратылған, ал биыл көктемде бұл көрсеткіш 180 мыңды құрады. Сонымен қатар, мекеме биылғы жылы су жүйесін реттеп, 14 гектар жерді айналымға қосқан. Алайда жұмыс күшінің жеткіліксіздігі байқалуда, сондықтан қосымша штат құру мәселесі көтерілді. Кеңсеге жаңа ғимарат салу қажеттілігі де сөз болды.

Шардара ауданында орналасқан «Орман және жануарлар әлемін қорғау» мекемесі соңғы үш жылда Түркістан, Мақтаарал, Жетісай және Шардара аудандарына 620 мыңнан астам көшет жіберген. Алайда мекеменің тұқымбақ аумағы кеңейгенімен жұмысшы саны әлі де жетіспейді.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков көшет өсіру жұмыстарында оның жерсінуіне ерекше назар аудару қажеттігін айтты. Аудан мен қалаларға көшет ұсынуда ауа райы мен топырақ ерекшеліктері ескерілмейтініне тоқталып, бұл мәселеге көңіл бөлу керектігін атап өтті.

Кеңес барысында мекемелердің кемшіліктері талқыланып, облыс әкімінің орынбасары оларды жою бойынша нақты тапсырмалар берді. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының алдында барлық көтерілген мәселелер бойынша нақты міндеттер қойылды.

Previous Post

Талапшыл ұстаз – татулықтың тірегі

Next Post

Төлебиде өткен тазалық шарасына әлем чемпионы Арман Оспанов қатысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz