gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан – жылыжай агробазасының жаңа орталығына айналады

25 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан – жылыжай агробазасының жаңа орталығына айналады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында заманауи кешенді жылыжай жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл жоба аграрлық өндіріс, ғылым, білім және туризмді біріктіретін көпфункциялы агробаза құруды көздейді. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен Қытай Халық Республикасының мемлекеттік компаниясының Қазақстандағы филиалының бас директоры Янь Цзе мырзаның кездесуі барысында ауыл шаруашылығындағы стратегиялық ынтымақтастық, инновациялық жылыжай өндірісін дамыту және өңірлік инвестициялық серіктестік мәселелері талқыланды.

Жаңа жобаның аясында Түркістан облысында индустриялық аймақта болат құрылымдарын өндіретін зауыт, автоматтандырылған жылыжай кешені, сапалы көкөніс өсіру алаңы және агротуризм бағыты қатар дамитын болады. Қазіргі уақытта аймақтағы жылыжайлар агроэкономиканың жаңа кезеңіне қадам басқанымен, бұл жобада агротехнологиялар мен ғылыми зерттеулердің маңызы зор. Мәселен, жергілікті білім ордалары мен ғалымдармен бірлескен ғылыми-тәжірибелік орталық ашу жоспарланып отыр. Мұнда студенттер мен ғалымдар жаңа әдістер мен технологияларды сынақтан өткізіп, жылыжай жағдайында өнім сапасын арттыруға арналған зерттеулер жүргізеді.

Ғылыми нәтижелер негізінде ауыл шаруашылығы үшін арнайы бейімделген технологиялар әзірленіп, жергілікті тұрғындарға қосымша табыс көзі ретінде ұсынылатын болады. Агробазада агротуризм бағыты да дамып, келушілерге көкөніс теріп, ұлттық тағамдарды әзірлейтін алаңда демалу мүмкіндігі ұсынылады. Бұл бастама Түркістанның туристік әлеуетін агроөнеркәсіппен ұштастырып, өңірді жаңа бағытта дамытуға жол ашады.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Түркістанның инвестициялық әлеуетін ерекше атап өтті. Түркістанда дайын инфрақұрылымға ие индустриялық аймақтар мен «Turkistan» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді. Бұл аймақтар мен жобалар инвесторлар үшін тартымды болатыны сөзсіз.

«Біз өндіріс көлемін ұлғайтумен қатар, өнім сапасын жетілдіруге және технологиялық даму деңгейін арттыруға баса мән беріп отырмыз. Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласы, оның ішінде жылыжайда көкөніс өсіру елімізде жетекші орын алады. Жаңа жобаларды іске асыру үшін қазақстандық және қытайлық компаниялар тартылуы мүмкін. Біз бұл жобаларды толық қолдауға дайынбыз, ынтымақтастығымыз ұзақ мерзімге жалғасады деп үміттенеміз», – деді облыс әкімі.

Жоба аясында агротехнологияларды енгізу, тамшылатып суару жүйелерін кеңінен қолдану, жылыжайларды автоматтандыру және логистика мен экспорттық әлеуетті дамыту жоспарлануда. Осы арқылы Түркістан облысының агросекторының жаңғыруына серпін беріліп, жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.

Түркістан облысы өз тарапынан барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайын. Қазіргі таңда облыс республика бойынша жылыжай өндірісінің көшбасшысы саналады. Еліміздегі жылыжайлардың басым бөлігі осы өңірде шоғырланған. Түркістан облысында 1 289 жылыжай бар, оның жалпы көлемі – 713 гектар, және олардың басым бөлігі көкөніс өсіруге бағытталған. Былтыр облыста 83 931 тонна көкөніс өндірілген.

Бұл жоба Түркістан облысының экономикалық әлеуетін арттырып, оны агроөнеркәсіп, ғылым және туризм орталығы ретінде дамытуға үлес қосатын болады.

Previous Post

Түркістан облысында ағын су тапшылығын еңсеру шаралары күшейтілуде

Next Post

Биыл Түркістанда 159 көше жөндеуден өтеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz