gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында ағын су тапшылығын еңсеру шаралары күшейтілуде

25 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында ағын су тапшылығын еңсеру шаралары күшейтілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында биылғы жылы ағын су тапшылығы мәселесі ерекше өзектеніп тұр. Өңірде ауа райының күрт өзгеруі, жауын-шашын мөлшерінің аздығы және жоғары температураның әсерінен су қорларының 30%-ға дейін қысқару қаупі туындады. Осыған байланысты облыс әкімдігі суару жүйесінің тұрақтылығын сақтап қалу үшін бірқатар шараларды қолға алды.

Биыл облыс бойынша 890 мың гектар егістік алқаптарына ауыл шаруашылығы дақылдары егілді, оның 552 мың гектары суармалы жерлер болып табылады. Егістіктерге қажетті су көлемі тиісті кесте бойынша аудан әкімдіктері мен шаруалар арасындағы келісімдер негізінде босатылып отыр. Вегетациялық кезеңнің басталуымен қатар, су реттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Түркістан облысы жыл сайын 4,8 миллиард текше метр су қажет етеді. Алайда биыл су қорының қысқаруы су тапшылығының күшеюіне себеп болып отыр. Бұл әсіресе облыстың оңтүстік аймақтарында, яғни Мақтаарал, Жетісай және Шардара аудандарында айқын сезілуде. Су көздерінің басым бөлігі көрші мемлекеттер аумағынан келетіндіктен, трансшекаралық тәуелділік жағдайды одан әрі күрделендіріп отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су қауіпсіздігі мен үнемдеу технологияларын ұлттық басымдық ретінде белгіледі. Түркістан облысы осы тапсырмаларды іске асыру үшін бірқатар маңызды қадамдар жасауда. Облыста іске асырылып жатқан жобалар ағын су тапшылығын еңсеру үшін оңтайлы шешімдер ұсынады. Мәселен, «Бәйдібек ата» және «Боралдай» суқоймаларының құрылысы басталды. Бұл жобалар «Бөген» суқоймасына қосымша 113 миллион текше метр су жеткізуге мүмкіндік береді.

Су үнемдеу технологияларын енгізу мақсатында облыста қазіргі таңда 27 мың гектар алқапта жаңа жүйелер орнатылуда. Бұл межені асырып, 59 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде 46 мың гектар алқапта су үнемдеу жүйесі жұмыс істейді. Сонымен қатар, су көтеру үшін пайдаланылатын машиналар арқылы қосымша 11,3 текше метр су берілуде, бұл су тапшылығының салдарын біршама жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Облыс аумағындағы су инфрақұрылымдары да жаңартылып жатыр. Қазіргі таңда 25 су қоймасы, 1 су реттегіш және 269 канал күрделі жөндеуден өтуде. Бұл жұмыстар су жүйелерінің тозу деңгейін 76%-дан 50%-ға дейін төмендетуге көмектеседі, нәтижесінде 400 мың гектар суармалы жерге су жеткізу мүмкіндігі артпақ. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін 200 миллиард теңгеге арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ағын суды заңсыз пайдаланушыларға қатысты қатаң шаралар қабылдануда. «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясы облыстағы су нысандарын тұрақты түрде тексеріп, құқық бұзушыларға айыппұлдар салды. Шардара ауданы прокуратурасымен бірлескен рейд барысында 24 заңсыз су сорғы құрылғысы анықталды, тиісті шаралар қабылданды.

Осыған қарамастан, Түркістан облысы ағын суды тиімді басқару, сақтау және пайдалануда жүйелі түрде жұмыстар жүргізіп келеді. Су инфрақұрылымдарын жаңарту, үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу және бақылау тетіктерін күшейту арқылы өңірдің агросекторы ағын су тапшылығын еңсеруге толықтай қауқарлы болмақ. Облыс тұрғындарының ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру және су қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан шаралар өз нәтижесін беретіндігіне сенім мол.

Previous Post

Төлебиде тазалыққа қатысты жұмыстар күшейтіліп, тәртіп бұзғандарға айыппұл салынуда

Next Post

Түркістан – жылыжай агробазасының жаңа орталығына айналады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz