gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында 130 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды

25 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында 130 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы экономикасын дамыту, инфрақұрылымды жақсарту және өндірісті өркендету бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда облыстың индустриалды аймақтарында жалпы құны 130,3 миллиард теңге болатын 100-ге жуық инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар нәтижесінде 6 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Жобалардың тікелей жүзеге асырылуын Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бақылап отыр. Бүгінде жобалардың жартысынан көбі іске қосылып, облыс экономикасына 40 миллиард теңгеден астам жеке инвестиция тартылды. Бұған қоса, 3 мыңға жуық тұрғын тұрақты жұмысқа орналасып, облыс бюджетіне 2 миллиард теңгеден астам салық түсті.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бастамасымен «Даму» өңірлік бағдарламасына өзгерістер енгізіліп, Сауран, Жетісай, Отырар, Сайрам аудандарында және Шардара мен Арыс қалаларында жаңа индустриалды аймақтар құрылды. Сонымен қатар тағы 4 индустриалды аймақты құру немесе кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Жаңа өндірістік алаңдар арқылы әр аудан мен қалада кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету басты мақсат болып табылады.

Өңір басшысы Сауран ауданындағы жаңа индустриалды аймақтармен танысты. Атап айтқанда, Иассы, Қарашық және Жүйнек ауылдық округтерінде өндіріс алаңдарының құрылысы жүріп жатыр. 2024-2026 жылдар аралығында Сауран ауданында 5 өндірістік аймақ құрылып, жалпы 55 гектарға жуық жер бөлініп, 115 жобаны орналастыру көзделуде. Қазіргі уақытта 60 кәсіпкермен меморандум түзілді, олардың 30-ы құрылыс жұмыстарын бастап кеткен.

Тек Иассы ауылдық округінде орналасқан өндірістік алаңның өзінде 24 жоба іске қосылуға дайын. Бұл алаңда жиһаз өндірісі, спорттық құрал-жабдықтар, жол белгілері, тігін шеберханалары және қағаз өнімдері цехы сынды кәсіпорындар жұмысын бастайды. Инвестиция көлемі 6,3 миллиард теңге болса, жаңадан 600-ден астам жұмыс орны ашылады.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров: «Индустриалды аймақтар – өңірдің экономикалық қуатын арттыратын маңызды құрал. Біз әр ауданда өндірісті дамытып, инвесторларға толық жағдай жасауды қамтамасыз етуіміз керек. Жаңа жобалар – жаңа жұмыс орындары мен халықтың әл-ауқатын көтерудің кепілі», – деп атап өтті.

Өндірістік аймақтарды аралау барысында облыс әкімі жауапты сала басшыларына инфрақұрылым жеткізу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Сонымен қатар индустриалды аймақтарды абаттандыру, көгалдандыру және заманауи стандарттарға сәйкестендіру қажеттігін ескертті.

Бұл жобалар өңірдің экономикалық әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді. Түркістан облысының индустриалды аймақтарында атқарылып жатқан жұмыстар өңірдің даму стратегиясын жүзеге асыруда маңызды қадам болып табылады.

Previous Post

Түркістан облысында индустриалды аймақтар кәсіпкерлікке тың серпін беруде

Next Post

Төлебиде тазалыққа қатысты жұмыстар күшейтіліп, тәртіп бұзғандарға айыппұл салынуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz