gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Төлеби ауданында табиғатқа жауапсыздық жасағандарға айыппұл салынады

24 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Таза Қазақстан»: Төлеби ауданында табиғатқа жауапсыздық жасағандарға айыппұл салынады
Share on FacebookShare on Twitter

Саф ауасы мен көркем табиғатымен әйгілі Төлеби ауданына жаз мезгілінде демалушылар легі артқан сайын, экологиялық ахуалға жауапсыз қарым‑қатынастар да байқалуда. Кейбір келушілер өзен жағалауында, жол бойларында қоқыс қалдырып, экожүйеге зиянын тигізуде.

Мемлекет басшысы Қасым‑Жомарт Тоқаев 2024 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында ел болып қолға алған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын жариялаған еді. Бұл акция ауыл‑ауылдарда сенбілік өткізу, көгалдандыру, қоқыс жинау сияқты шараларды тұрақты түрде жүзеге асыруды көздейді

Осы бағдарламаның аясында және аудан әкімінің бастамасымен Қасқасу ауылындағы Сайрамсу өзенінің бойына шұғыл сенбілік ұйымдастырылды. Іс‑шараға 200‑ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысып, 7 шақырым бойындағы автожол және өзен жағасы тазартылды. Қорытындысында 9 тонна қоқыс жиналып, арнайы техника арқылы полигонға шығарылды.

Аудан әкімдігі тұрғындарды, туристерді және қонақтарды табиғаттың тазалығын сақтау үшін экологиялық мәдениетті дамытуға шақырады. Сонымен қатар, белгіленбеген жерлерге қоқыс тастағандарға ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505-бабы мен 432-2-бабына сәйкес айыппұл салынатыны ескертті.

«Таза табиғат – таза келешек. Табиғатты аялау – азаматтық парыз» деген ұран төбе көрсетіп, Төлеби азаматтары мен қонақтары жауапкершілікке шақырылады.

Previous Post

Кентаулық депутат Арман Басаров қала тұрғындарымен кездесті

Next Post

Абай даңғылы тұрғындарына діни сауаттылық тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz