gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түлкібаста туризмді дамытуға бағытталған 2,3 млрд теңгелік үш ірі жоба жүзеге асады

22 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түлкібаста туризмді дамытуға бағытталған 2,3 млрд теңгелік үш ірі жоба жүзеге асады
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібас ауданында туризм саласын дамыту бағытында бірқатар ауқымды жобалар қолға алынуда. 2025 жылдың алғашқы төрт айында өңірге 5 670 турист келген. Бұл көрсеткіш аудандағы туризм әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, Иірсу елді мекенінің маңында 100 гектар аумақты қамтитын спорттық, мәдени және емдік-сауықтыру бағытындағы рекреациялық аймақ құру бойынша жоба әзірленіп, облыс әкімдігіне ұсынылған. Жоба жүзеге асқан жағдайда өңірге келуші туристер саны едәуір артады деп күтілуде.

Сонымен қатар, 2025 жылы жалпы құны 2,3 млрд теңгені құрайтын үш ірі инвестициялық жоба іске асырылады. Атап айтқанда, Қараағашты ауылында орналасқан «Ақсу-Жабағылы» оңалту-сауықтыру кешені қайта құрылымдалады. Жоба шеңберінде шипажайдың сыйымдылығы 500 орынға дейін ұлғайтылып, қызмет көрсету сапасы артпақ. Құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда. Кершетас ауылында орналасқан жеке кәсіпкер «Патсаев К.»-ге тиесілі туристік аймақ толық салынып, пайдалануға берілді. Жобаның жалпы құны — 150 млн теңге.  Машат ауылында жеке кәсіпкер А. Бакеевтің демалыс аймағының құрылысы аяқталып, қазіргі таңда құжат рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның құны — 200 млн теңге.

Жоғарыда аталған жобалар іске асқан жағдайда аудан бойынша 175 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.

Аудан әкімдігі өкілдерінің айтуынша, туризмді дамыту — Түлкібас өңірінің экономикалық әлеуетін көтерудегі негізгі бағыттардың бірі. Табиғи байлық пен тарихи-мәдени орындарға бай бұл аймақ ішкі туризмнің тартымды нүктесіне айналуға толық мүмкіндікке ие.

Previous Post

Сайрам ауданындағы Қарамұрт ауылында электр станциясы салынып жатыр

Next Post

Түркістан облысында жыл басынан бері 56 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz