gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды

19 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Төлеби ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс барысын тексерді. Өңір басшысы ел игілігіне бағытталған жобалардың сапалы әрі уақытылы орындалуына ерекше назар аударылуы қажеттігін айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде білім беру сапасын арттыру бағытында «Келешек мектептері» жобасы жүзеге асырылуда. Ұлттық жоба аясында Түркістан облысында 29 мектептің құрылысы жоспарланған. Соның бірі – Төлеби ауданы, Достық елді мекенінде бой көтеріп жатқан 900 орындық жаңа мектеп. Облыс әкімі құрылыс алаңына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жалпы аумағы 3 гектарды құрайтын нысанның құрылысы бүгінде 90 пайызға аяқталған. Ішкі әрлеу, шатыр орнату, инфрақұрылым тарту жұмыстары толық орындалған. Қазіргі таңда интернет пен газ желісін қосу шаралары қолға алынған.

Аудан көлемінде барлығы төрт «Келешек мектебін» салу жоспарланған. Бүгінде оның үшеуінде – Алатау, Көксәйек және Киелітас елді мекендерінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жаңа үлгідегі бұл мектептерде балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалатын болады.

Сапар барысында облыс басшысы Ленгір қаласындағы І мөлтек ауданда салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің де құрылыс барысына назар аударды. Мұнда 5 қабатты 3 тұрғын үй бой көтеруде. Әр үйде 48 пәтерден қарастырылған: 1 бөлмелі – 12, 2 бөлмелі – 12, 3 бөлмелі – 24. Құрылысы 2023 жылы басталған нысанда қазіргі таңда шатыр жабу, ішкі және сыртқы әрлеу, есік-терезе орнату жұмыстары аяқталуға жақын. Жобаның жалпы құны – 625,5 миллион теңге. Құрылыс республикалық және облыстық бюджет есебінен жүргізіліп жатыр. Нысандар жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

Сондай-ақ, Нұралхан Көшеров «Мейір-Бейс» жоғары медициналық және педагогикалық колледжінің жұмысымен танысты. Колледждің материалдық-техникалық базасын көріп, фармацевтикалық және стоматологиялық оқу бөлмелерін аралап шықты. Бұл оқу ордасында 56 оқытушы қызмет етеді, 84 оқу аудиториясы қарастырылған. Колледж жаңа форматта жұмысын жалғастырып келеді.

Өңір басшысы сапар соңында жауапты мердігерлер мен сала мамандарына нысандардың құрылысын қатаң бақылауда ұстап, сапаға баса мән беруді тапсырды.

Previous Post

Ұлттық код – мәңгілік елдің іргетасы

Next Post

Төлебидің экономикалық және туристік әлеуеті талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz