gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ұлттық код – мәңгілік елдің іргетасы

19 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ұлттық код – мәңгілік елдің іргетасы
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі жаһандану дәуірінде әрбір халықтың алдында тұрған басты міндет – өзінің ұлттық болмысын, рухани коды мен тарихи жадын сақтап қалу. Қазақ елі үшін бұл ұғымның мәні ерекше. Себебі ұлттық код – Мәңгілік ел болу мұратына апарар рухани көпір.

Ұлттық код дегеніміз – ұлттың тілі, ділі, дәстүрі, діні, дүниетанымы, өнері, тарихи жады мен мәдени мұрасының жиынтығы. Ол – сан ғасырлық тәжірибе мен өмірлік даналықтың нәтижесі. Қазақ халқы үшін бұл код ата-бабадан жеткен салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпта, жыр мен шежіреде, домбыраның үнінде, ұлттық киім мен тағамда сақталған. Мысалы, «жеті атадан қыз алмау», «асар жасау», «үлкенге сәлем», «қара шаңырақ» секілді ұғымдар – халқымыздың рухани ДНҚ-сын, ұлттық кодын білдіретін өмір салттары.

Тарихқа көз жүгіртсек, көптеген ұлттар мен халықтар жаһандану толқынында өзінің тілі мен дінінен, дәстүрі мен даралығынан айырылып, жаһандық ортаға жұтылып кеткенін байқаймыз. Қазақ елі мұндай күйге түспеу үшін өзінің тамырынан айырылмауы тиіс.

Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға. Сондықтан жастардың бойына ұлттық рух пен тәрбиені, тарихи танымды сіңіру – ең маңызды міндеттердің бірі. Қазақы тәрбие көрген, салтын сыйлаған, тілін құрметтеген, тарихын таныған ұрпақ – Мәңгілік елдің тірегі болмақ.

Білім, ғылым, технология қанша алға жылжыса да, ұлттық құндылықтар ұмытыла алмайды. Керісінше, рухани байлық жаңа мазмұнда жаңғырып отыруы керек.

Қорыта келе: Ұлттық кодты сақтау – ұлттың өзін сақтау. Ол болмаса, ұлт болмысы да, ел болашағы да бұлдыр. Ұлттық код – Мәңгілік елдің іргетасы ғана емес, елдің жаны мен жүрегі. Әрбір азамат бұл жауапкершілікті сезініп, рухани тамырынан ажырамай, оны ұрпаққа аманат етуі – ел алдындағы парызы.

Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің «Кентау қалалық Руханият орталығы» мекемесі жыл басынан бері діни экстремизм мен теріс діни ағымдардың алдын алу және ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытында 109 кездесу, іс-шаралар өткізді.

Э.Дюсенбиева,

Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің

«Кентау қалалық Руханият орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ұлттық құндылықтар бөлімнің инспекторы

Previous Post

Төлеби ауданында өндіріс орындары жаңғыртылып, жаңа нарықтарға шығуда

Next Post

Түркістан облысында әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz