gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төлеби ауданында өндіріс орындары жаңғыртылып, жаңа нарықтарға шығуда

19 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Төлеби ауданында өндіріс орындары жаңғыртылып, жаңа нарықтарға шығуда
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Төлеби ауданына барып, кәсіпкерлік бағытындағы өндірістік нысандардың жұмысымен танысты. Өңір басшысы кәсіпкерлермен кездесіп, өндірісті дамыту жолында жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Сапар барысында облыс әкімі Киелітас ауылындағы битум өнімдерін өндіретін «QazaqBitum Processing» ЖШС зауытының жұмысын көрді. Аталған кәсіпорын 2011 жылы іске қосылып, 2022 жылы заманауи талаптарға сай қайта жаңғыртылған. Қазіргі таңда мұнда автокөлік жолдарына арналған битум өнімдері шығарылады. Зауыттың өндірістік қуаты тәулігіне 1000 тоннаға, ал жылына 300 000 тонна өнім өндіруге жетеді. Кәсіпорында 140 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Өнімдер елімізден бөлек, Өзбекстан мен Қырғызстан нарығына да экспортталады. Бұл өңірдегі өндірістік әлеуеттің артқанын және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді.

Мұнан соң Нұралхан Көшеров Ленгір қаласындағы арнайы жұмыс формаларын тігумен айналысатын тігін цехының жұмысымен танысты. Мұнда жылына 250 мыңға жуық арнайы киімдер өндіріледі. Цехта 150 адам еңбек етуде. Өнімдер ішкі нарықпен қатар, Ресейге де экспортталады. Облыс басшысы өндіріс орнын аралау барысында тігін саласының да маңыздылығын атап өтіп, отандық кәсіпорындарға қолдау жалғасатынын айтты.

Бүгінде Төлеби ауданында шағын және орта бизнес субъектілері белсенділік танытып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосуда. Инвестициялық жобалардың артуы, өндірістік қуаттың кеңеюі мен жаңа жұмыс орындарының ашылуы – аудандағы кәсіпкерлік ахуалдың оң бағытта дамып келе жатқанын көрсетеді.

Previous Post

Шардара ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқын алды

Next Post

Ұлттық код – мәңгілік елдің іргетасы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz