gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төлебидің экономикалық және туристік әлеуеті талқыланды

19 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Төлебидің экономикалық және туристік әлеуеті талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Төлеби ауданына барып, әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралады. Сапар аясында аудан активімен кеңейтілген мәжіліс өткізіліп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен туризм саласын ілгерілету мәселелері жан-жақты талқыланды.

Аймақ басшысы өз сөзінде ауданның инвестициялық белсенділігі мен инфрақұрылымдық мүмкіндіктеріне назар аударды. Оның айтуынша, биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында Төлеби ауданына 20,3 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылғанымен, кейбір ауылдық округ әкімдері межеленген жоспарды орындай алмаған.

– Аудан орталығы Ленгір қаласы қажетті инфрақұрылыммен толық қамтылған. Бұл – инвестиция тартуға, жаңа кәсіпорындар ашып, жұмыс орындарын құруға үлкен мүмкіндік. Алайда соңғы жылдары Ленгірде бірде-бір жаңа инвестициялық жоба жүзеге аспаған. Бұл жұмысты жандандыру қажет. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – маусымдық науқан емес. Ол күнделікті өмір салтымызға айналуы тиіс. Қоршаған ортаның тазалығы – баршамыздың ортақ міндетіміз, – деді Нұралхан Көшеров.

Мәжілісте аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов ауданның 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен таныстырып, негізгі салалар бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Жиын барысында басқарма басшылары да тиісті салаларға қатысты жоспарлар мен кемшіліктерге тоқталып, нақты міндеттер жүктелді.

Аудан экономикасында өсім бар. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы өңірлік өнім көлемі 70,8 млрд теңгеге жетіп, 39 пайыздық өсім байқалған. Оның ішінде 53,3 пайызы – өнеркәсіп, 20,4 пайызы – ауыл шаруашылығы, 18,4 пайызы – сауда, 7,9 пайызы – құрылыс салаларына тиесілі. Жан басына шаққандағы ішкі өнім көлемі 480 мың теңгеге жетіп отыр.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 37,7 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 107,9 пайызды көрсетті. Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 34 млрд теңге болып, бұл саладағы өсім 10,7 пайызға артқан. Биыл жалпы құны 6,5 млрд теңгені құрайтын төрт ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұл жобалар аясында 180 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Инвестициялық әлеуетті арттыру мақсатында Киелітас ауылдық округінде 14 гектар жерге шағын өндірістік парк салу жоспарлануда. Бұл бастама өңірдің кәсіпкерлік белсенділігін арттырып, экономикалық дамуына серпін бермек.

Previous Post

Түркістан облысында әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды

Next Post

Кентау қаласы, Қарнақ ауылы әкімін сайлау қорытындылары  туралы ХАБАРЛАМА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz