2025 жылы 13 шілдеде Кентау қаласы, Қарнақ ауылы әкімінің сайлауы өтті.
Кентау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10 бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Кентау қаласы Қарнақ ауылының әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
17.05.1992 жылы Түркістан облысы, Кентау қаласында туған. Білімі орта-арнаулы. Жалпы тәжірибелі фельдшер. Кентау қалалық емханасының аға фельдшері. «Amanat» партиясынан ұсынылған Джамалбеков Асыл Кабланулы Қарнақ ауылы әкімі болып сайланды.
Кентау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы



