gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Дәстүрді дәріптейтін арнайы сабақтарды мектептер неге ұйымдастырмайды?

20 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Дәстүрді дәріптейтін арнайы сабақтарды мектептер неге ұйымдастырмайды?
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері – ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігі. Дәстүр арқылы ұрпаққа өмір сүру қағидалары, рухани-мәдени құндылықтар, этика мен тәрбие беріледі. Қазіргі таңда ұлттық құндылықтарды сақтау маңызды мәселе болып отыр. Соған қарамастан, мектеп бағдарламасында дәстүрді тереңірек оқытатын арнайы пән әлі енгізілмеген.

Бірінші кезекте, бұл мәселе білім беру стандарттарымен байланысты. Қазақстанда орта білім жүйесі мемлекеттік бағдарламалар негізінде құрылады және оған өзгеріс енгізу ұзақ әрі күрделі процесс. Қазіргі қазақ тілі, әдебиет, тарих, өзін-өзі тану сияқты пәндерде ұлттық тәрбиеге қатысты дүниелер қамтылады. Алайда дәстүрге терең талдау жасалмайды.

Тағы бір себеп – оқу жүктемесінің көптігі. Қазіргі мектеп оқушыларына пән саны тым көп. Егер арнайы сабақ енгізілсе, ол кей пәндер сағатының қысқаруын немесе оқушыларға қосымша жүктеме беруді талап етеді. Мұндай пәнді факультатив ретінде енгізуге болар еді, бірақ бұл шешімді мектеп емес, Білім министрлігі қабылдауы тиіс.

Мәселенің тағы бір қыры – педагог кадрларының даярлығы. Дәстүрді оқытатын мұғалімдерді дайындау, бағдарлама мен әдістеме әзірлеу – уақыт пен қаржыны талап етеді. Ал әзірге мектеп мұғалімдері бар пәндер аясында ұлттық құндылықтарды шама-шарқынша түсіндіруге тырысады.

Жаһандану дәуірінде жастардың қызығушылығы өзгеріп, дәстүр екінші қатарға ығысып барады. Жастардың біразы ұлттық салтты ескінің сарқыншағы деп қабылдайды. Сол себепті, дәстүрді дәріптеуде заманауи тәсілдер – анимация, интерактив, бейнесабақтар, ойын форматы сынды әдістер қолданылғаны жөн.

Егер арнайы пән енгізу мүмкін болмаса, баламалы жолдарды қарастырған абзал. Мысалы:

  • Факультативтік сабақтар – оқушылардың ерікті қатысуымен өткізіледі;

  • Тәрбие сағаттары – дәстүрге арналған тақырыптар қамтылуы мүмкін;

  • Мәдени іс-шаралар – ұлттық мерекелерге, салттарға арналған концерт, қойылымдар;

  • Үйірмелер – қолөнер, айтыс, ән-күй, тағам әзірлеу секілді бағытта.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу – тек мектептің емес, бүкіл қоғамның ортақ ісі. Мектептерде дәстүрді арнайы пән ретінде оқыту мүмкіндігі болашақта қарастырылуы тиіс. Ал әзірге қолдан келетін жол – бар пәндер мен тәрбие сағаттары арқылы оны жаңғырту.

Қ.Салықбаев,
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын
ұйымдастыру бөлімінің басшысы

Previous Post

Кентау қаласы, Қарнақ ауылы әкімін сайлау қорытындылары  туралы ХАБАРЛАМА

Next Post

Ордабасыда сенбілік: жаңа спорттық нысан маңын абаттандыруға 200-ге жуық адам атсалысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz