gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентау индустриалды аймағында өндіріс кеңейіп, жұмыс орындары ашылуда

17 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентау индустриалды аймағында өндіріс кеңейіп, жұмыс орындары ашылуда
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында өндірістік әлеуеті жоғары аймақтардың бірі – Кентау қаласы. Қазіргі таңда бұл өңірде индустриалды аймақтың инфрақұрылымын жақсарту, жаңа кәсіпорындар ашу және тұрғындарды жұмыспен қамту бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Кентаудағы индустриалды аймақты аралап, іске асырылып жатқан жобалармен танысты.

Қалада жалпы аумағы 43 гектарды құрайтын индустриалды аймақта бүгінде 7 жоба жүзеге асырылған. Биыл қосымша 3 өндірістік жоба іске қосылмақ. Өңір басшысы кәсіпкерлермен тілдесіп, олардың ұсыныстарын тыңдады. Сонымен қатар, сала мамандарына өндірісті дамыту бағытында нақты тапсырмалар жүктеп, бұл салаға жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Облыс әкімі «АБН Альянс» ЖШС-нің полиэтилен құбырларын өндіретін кәсіпорнының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, осы аймақта кірпіш зауыты да қарқынды жұмыс істеуде. Қос нысанда 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жалпы жоба құны – 1,5 млрд теңге.

Биыл Кентау қаласында 16 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл жобалар толық жүзеге асқанда, 492 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Оның ішінде өнеркәсіп саласы бойынша 4 нақты жоба жүзеге аспақ, нәтижесінде 310 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Бұл жобалардың екеуі арнайы экономикалық аймақта, қалған екеуі индустриалды аймақта іске асырылатын болады.

Айта кету керек, «TURAN SHENHUA» ЖШС газ қазандықтары мен тұрмыстық техникалар өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр. Жобалық құны – 2,4 млрд теңге. Бұл кәсіпорын іске қосылған соң 120 адам жұмыспен қамтылады. Құрылыс жұмыстары биылғы қараша айында аяқталады деп жоспарланған.

Сондай-ақ, «АйдарСтройГрупп» ЖШС металл бұйымдарын өндіру ісін қолға алуда. Мұнда 50 тұрақты жұмыс орны ашылады. Нысан құрылысын аяқтау және іске қосу осы жылға жоспарланған.

Өңірдегі металл құрылымдарын өндіру бағыты да дамып келеді. Арнайы экономикалық аймақта «Сапар Құрылыс-С» ЖК-нің металл құрылымдарына арналған өндірістік цехының құрылысы жүріп жатыр. Бұл жоба аясында тағы 60 адам жұмыспен қамтылады. Жобаның құны – 400 млн теңге.

Кентау индустриалды аймағында жүзеге асырылып жатқан бұл жобалар өңірдің экономикалық әлеуетін арттырумен қатар, халықты жұмыспен қамтуға, шағын және орта бизнестің дамуына тың серпін бермек.

Previous Post

Кентауда мәдениет үйі мен ірі кәсіпорынның құрылысы жүріп жатыр

Next Post

Кентауда өндіріс пен ауыл шаруашылығын дамытуға басымдық берілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz