gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда мәдениет үйі мен ірі кәсіпорынның құрылысы жүріп жатыр

17 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда мәдениет үйі мен ірі кәсіпорынның құрылысы жүріп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының аудандары мен қалаларында әлеуметтік және өндірістік маңызы бар нысандардың құрылысы қарқын алып келеді. Соның бірі – Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында салынып жатқан жаңа мәдениет үйі мен мал бордақылау алаңы. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласына жасаған жұмыс сапары барысында аталған нысандардың құрылыс барысымен танысты.

Қарнақ ауылында бой көтеріп жатқан мәдениет үйі 300 көрерменге арналған. Нысанның жалпы жер көлемі 0,7 гектарды құрайды. Екі қабатты ғимаратта қазіргі таңда жарықтандыру жүйесін орнату және әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылысты «РСУ-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Биыл нысан құрылысына 793 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінген. Жобаны «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асыру жоспарланған. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін немесе 2026 жылы толық аяқталады деп күтілуде.

Облыс әкімі құрылыс сапасына ерекше назар аударып, мердігер мекеме мен жауапты тұлғаларға нысанды белгіленген мерзімде әрі сапалы түрде аяқтауды тапсырды. Құрылыс барысындағы кемшіліктерді жою бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Қарнақ ауылында орналасқан «Kaz Real Meat» ЖШС-нің мал бордақылау алаңына барды. Қазіргі таңда кәсіпорынның бірінші кезеңі іске асырылуда. Бұл кезеңде жылына 1500 бас ірі қара бордақыланып, ет өнімдері ішкі нарыққа ұсынылады. Екінші кезеңде қуаттылық 5000 басқа жеткізіледі. Жоба құны – 1 миллиард теңге. Кәсіпорын толық іске қосылғанда 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Бордақылау алаңы 31 гектар аумақта орналасқан. Алдағы уақытта кәсіпорын өнімдерін шетелге экспорттау көзделіп отыр.

Жұмыс сапары барысында облыс әкіміне Қарнақ ауылында ашылуы жоспарланған шағын өндірістік парктің жобасы таныстырылды. Бұл жоба ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға сеп болмақ.

Previous Post

Қоғам тұрақтылығы – діни сауаттылықтан басталады

Next Post

Кентау индустриалды аймағында өндіріс кеңейіп, жұмыс орындары ашылуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz