gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шардарадағы туристік нысандарда демалушыларға қолайлы жағдай жасалады

15 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Шардара жағажайында демалушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы назарда

default

Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысындағы Шардара су қоймасы маңындағы туристік аймақтарда жазғы маусымға орай санитарлық тазалық пен қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туризмді дамыту және инфрақұрылымды жетілдіру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып келеді.

Осыған орай облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов жағажайлар мен демалыс орындарында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, туристерге көрсетілетін қызмет сапасын және инфрақұрылым нысандарының жағдайын тексерді.

Айта кетейік, жуырда облыс әкімі Нұралхан Көшеров жағажайларда тәртіп пен қауіпсіздікті күшейту туралы нақты тапсырмалар берген болатын. Қазіргі таңда осы бағытта нақты шаралар қолға алынып, туристік нысандарға жауапты мамандар мен кәсіпкерлерге ескертулер жасалып, бірқатар міндеттер жүктелді.

Атап айтқанда, жағажай маңында құтқарушылар саны арттырылып, суға тым жақын орналасқан сәкілер жағалаудан алшақтатылуда. Сондай-ақ көлік қозғалысын реттеу және автотұрақтарды жүйелеу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда туристік нысандарға мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Талаптарды орындамаған тұлғаларға заң аясында шара қолданылып жатыр.

Шардара аймағындағы демалыс орындары өңірдегі туризм саласының дамуына серпін беруде. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Previous Post

«Таза Қазақстан» – ұлттық экологиялық жауапкершіліктің көрінісі

Next Post

Түркістан облысына келетін шетелдік туристер саны екі есеге артты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz