gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан қаласында қосымша АГТС орнатумен айналма газ құбырының жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалуда

21 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан қаласында қосымша АГТС орнатумен айналма газ құбырының жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалуда
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Облыс басшылығы тарапынан бұл салаға айрықша назар аударылып, өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік жағдайын жақсарту басты міндет ретінде белгіленген. Биылғы жылы бұл бағытта 64 жобаға қажетті қаржы қаралып, нақты жұмыстар қолға алынуда. Соның ішінде 34 елді мекендегі 38 жобаның құрылысы биыл аяқталады деп жоспарланған. Ал, 16 елді мекендегі 26 жоба келесі жылға өтпелі болып табылады.

Жалпы Түркістан облысының елді мекендерін 2027 жылға дейін газдандырудың кешенді іс-шаралар жоспары бекітілген. Аталған жоспарға сәйкес, 2027 жылға қарай облыста газдандырылған елді мекендердің саны 765-ке жеткізіледі. Бұл өз кезегінде өңір халқының басым бөлігін табиғи газға қосуға мүмкіндік береді. Қажетті қаржы толық бөлінген жағдайда, жоспар мерзімінде әрі толық орындалады деп күтілуде. Дегенмен, 42 елді мекен шалғай орналасуына, халық санының аздығына және экономикалық жағынан тиімсіздігіне байланысты әзірге жоспардан тыс қалып отыр.

Жуырда Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында аймақты табиғи газбен қамту жұмыстарының барысы жан-жақты қаралды. Жиында облыстағы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тоқтар Үсібәлиев арнайы баяндама жасап, жүргізіліп жатқан жобалар жайлы нақты мәліметтер ұсынды. Оның айтуынша, облыстағы елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сәйкес жүзеге асырылып жатыр. 2024 жылдың қорытындысы бойынша республикада халықтың орташа газбен қамтылу көрсеткіші 62,4 пайызды құраса, Түркістан облысында бұл көрсеткіш 85,5 пайызға жеткен. Бұл – 563 елді мекен немесе жалпы елді мекендердің 69,7 пайызы табиғи газбен қамтылған деген сөз. Түркістан облысы бұл көрсеткішпен республика бойынша 8-орынды иеленіп отыр.

Жиын барысында облыс әкімі газдандыру жұмыстарының қарқыны төмен аудан, қала әкімдерін сынға алып, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Табиғи газ тартылған елді мекендерде тұрғын үйлерді дер кезінде қосу, газ инфрақұрылымына қатысты анықталған кемшіліктерді қысқа мерзім ішінде жою жөнінде тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, «Qazaq Gaz Aimaq» акционерлік қоғамының теңгеріміне газдандыру нысандарын коммуналдық меншіктен өткізу мәселесі де кеңінен талқыланды.

Өңірде өткен жылы да ауқымды құрылыс жұмыстары атқарылған. Облыс аумағында 115 нысанның құрылысы жүргізіліп, оның 70-і аяқталып, пайдалануға берілсе, 45 нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі болып қалды. Соның ішінде Арыс, Кентау қалалары мен Отырар, Сауран, Ордабасы аудандарында газдандыру деңгейі салыстырмалы түрде төмен. Ал, Созақ ауданы бүгінде мүлде газға қосылмаған. Алайда, бұл ауданда да жұмыс мүлде тоқтап тұрған жоқ. Аудан орталығында автоматтандырылған газ тарату станциясы мен тиісті нысандардың құрылысы толығымен аяқталған. Қазіргі таңда қосылу нүктесі Жамбыл облысының Жаңатас қаласындағы «Еврохим-Қаратау» өндірістік нысаны болғандықтан, жобаның толық іске қосылуы күтілуде.

Айта кетейік, Түркістан қаласында да табиғи газға деген сұраныс жылдан-жылға артып келеді. Себебі, қалада жаңа өндіріс орындары мен тұрғын үйлер көптеп салынып жатыр. Қолданыстағы №15 «Түркістан» автоматтандырылған газ тарату станциясының қуаттылығы – 100 мың м³/сағат, алайда бүгінде бұл нысан жүктемелік режимде жұмыс істеуде. Осыған байланысты Түркістан қаласының газ қуаттылығын арттыру мақсатында қосымша АГТС орнатумен айналма газ құбырының жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр. Қазіргі таңда жоба бойынша трассаның топографиялық түсірілім жұмыстары жүргізілуде, тиісті органдармен келісу жұмыстары қатар атқарылуда.

Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы соңғы жылдары қарқын алып, өңірде халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жобалар жүйелі түрде іске асырылып келеді. Газдандыру мәселесі де осы үрдістің маңызды бір бөлігі болып табылады.

Previous Post

Түркістанда кең ауқымды сенбілік және аялдамаларға тазалық жұмыстары жүргізілді

Next Post

«Таза Қазақстан»: Түркістан өңірінде экологиялық мәдениет қалыптасып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz