gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«Таза Қазақстан»: Түркістан өңірінде экологиялық мәдениет қалыптасып келеді

21 июня, 2025
in Uncategorized, Жаңалықтар, Қоғам
0
«Таза Қазақстан»: Түркістан өңірінде экологиялық мәдениет қалыптасып келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында экологиялық тұрақтылық пен жасыл экономика қағидаттарын енгізу – өңірдің дамуы мен тұрғындардың денсаулығын қорғауда маңызды бағыттардың бірі. Бұл саладағы жұмыстар Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдаулары мен Үкіметтің экологиялық саясатындағы басым міндеттерге сәйкес жүргізіліп келеді.

Табиғи ресурстарға бай Түркістан өңірі экологияны сақтау, энергия тиімділігін арттыру және жасыл технологияларды қолдану арқылы тұрақты даму моделін қалыптастыруға ұмтылуда. Осы мақсатта облыс аумағында бірқатар жүйелі шаралар қолға алынған. Солардың бірі – «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы.

Мәселен, Арыс қаласында «Киелі мекен» апталығы аясында тарихи және киелі орындарда кең көлемді тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Апта бойына қала тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен еріктілер Жекен-Саяқ әулие, Мұңлық-Зарлық мазары, Монтай әулие сияқты киелі орындардың айналасын қоқыстан тазартып, арамшөптерін шауып, абаттандыру жұмыстарына белсене қатысты. Бұл – киелі орындарға деген құрметтің және рухани мұраларды бағалаудың жарқын көрінісі.

Сонымен қатар, қала аумағы белгіленген секторларға бөлініп, жауапты мекемелер өздеріне жүктелген аймақтарда сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды. Көшелер мен көпшілік пайдаланатын орындарда тазалық орнатылып, айналаның көркі кірді. Қала әкімдігі барлық тұрғындарды тазалыққа үлес қосуға, өз аулаларын таза ұстауға және арамшөптерді жоюға шақырды.

Бұл акциялар экологиялық мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, тұрғындардың табиғатқа жанашырлықпен қарауына, қоршаған ортаны таза ұстауға деген қоғамдық жауапкершілігін арттыруға ықпал етуде. Сонымен бірге, мұндай шаралар экологиялық туризмнің дамуына да серпін беріп отыр. Табиғи және тарихи нысандардың таза әрі тартымды болуы туристер легінің артуына, сонымен қатар жергілікті халықтың тұрмыс сапасының жақсаруына оң әсерін тигізеді.

Қоршаған ортаның экологиялық ахуалының жақсаруы – аймақтың экономикалық тұрақтылығына да оң ықпал етеді. Экологиялық туризм арқылы табиғи ресурстарды тиімді және ұтымды пайдалану жолға қойылады.

Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан экологиялық бастамалар мен жасыл экономика қағидаттары өңірдің тұрақты дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. «Таза Қазақстан» акциясын кең көлемде қолдау, қоршаған ортаны аялау және экотуризмді дамыту – ортақ мақсатқа жетудің тиімді жолы. Мемлекет басшысының стратегиялық бастамалары мен жергілікті билік пен қоғамның бірлескен іс-қимылы арқасында Түркістан өңірі экологиялық тепе-теңдік пен өркендеудің үлгісіне айналуға бет алды.

Previous Post

Түркістан қаласында қосымша АГТС орнатумен айналма газ құбырының жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалуда

Next Post

Сайрам ауданындағы Қарамұрт ауылында электр станциясы салынып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz