gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда тазалық жұмыстары күшейтілді

13 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда тазалық жұмыстары күшейтілді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында көгалдандыру мен экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Қала аумағында жалпы 626 гектар жерді қамтитын 258 нысанның күтімі тұрақты жүргізілуде. Бұл нысандарға саябақтар, скверлер, көше бойлары, жасыл аймақтар мен сектормен бекітілген көшелер кіреді.

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Байдулла Оразбековтің айтуынша, бүгінде қалада 32 саябақ, 23 сквер мен аллея, 115 көше бойы, 15 жасыл алқап пен ашық аймақ және 64 сектор бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, қалада 262 гектар көгал, 925 507 дана ағаш, 370 856 бұта, 8 гектар гүлзар мен 128 гектарға төселген аяқжолдар бар. Бұл көрсеткіштер Түркістанның экологиялық ахуалы мен тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру бағытындағы кешенді жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында бірқатар бастамалар қолға алынған. Бұл бағдарлама облыс көлемінде іске асып жатыр. Облыс әкімі бекіткен жол картасы аясында 88 іс-шара жоспарланған, оның 38-і тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың айтуынша, өңірде апталық сенбіліктер тұрақты өткізілуде. Дегенмен, кейбір аудандарда халықты ақпараттандыру, экологиялық мәдениетті арттыру және еріктілерді тарту жұмыстары жеткіліксіз деңгейде жүзеге асырылып келеді. Осы кемшіліктерге назар аудару тапсырылып, демалыс аймақтарында тазалықты сақтау үшін бірқатар шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, қоқыс жәшіктерінің санын көбейту, ақпараттық ескертпе тақтайшаларын орнату, бейнебақылау камераларын орнатып, рейдтік шараларды жиі өткізу тапсырылды. Сонымен қатар, жағажай иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң бұзғандарға айыппұл салу қарастырылған.

Жыл басынан бері қоғамдық орындарда санитарлық талаптарды сақтамаған тұлғаларға 13 757 хаттама толтырылып, жалпы сомасы 328,4 млн теңге айыппұл салынып, оның 181,2 млн теңгесі өндірілді. Алайда, кейбір ауылдық округтерде бей-берекет шашылған қоқыс мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Жүргізілген рейдтік шаралар нәтижесінде 184 заңсыз күл-қоқыс орны анықталып, әсіресе Түркістан және Кентау қалаларында, Түлкібас, Шардара, Сауран аудандарында заңбұзушылықтар көп тіркелген.

Жол картасында белгіленген іс-шаралардың сапалы әрі уақтылы орындалуы қатаң бақылауға алынған. Табиғатпен үйлесімді, таза әрі жайлы Түркістанды қалыптастыру жолындағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Previous Post

Төлеби ауданында су тапшылығы мәселесін түбегейлі шешу үшін «Ақмешіт» бұлағынан су құбырын тарту ұсынылды

Next Post

Шардара мен Келес аудандарында әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқын алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz