gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда «қоқыссыз өзен: экология, спорт және қауіпсіздік» атты шара өтті

20 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда «қоқыссыз өзен: экология, спорт және қауіпсіздік» атты шара өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» ұлттық жобасының маңыздылығын әр Жолдауында ерекше атап өтіп келеді. Президенттің тапсырмасына сәйкес, елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және санитарлық тәртіпті нығайту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде қолға алынуда. Соның аясында Түркістан облысында да бірқатар игі бастамалар жүзеге асырылып жатыр.

Жуырда Түркістан қаласындағы Оранғай өзенінің маңында «Қоқыссыз өзен: экология, спорт және қауіпсіздік» тақырыбында сенбілік өтті. «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған бұл шара жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатқа деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру және су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында өткізілді.

Сенбілік барысында облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Ернар Бектаев жиналғандарға қоршаған ортаны қорғаудың маңызы мен жастардың бұл бағыттағы рөлін атап өтті.

– Бүгінгі өткізіліп отырған «Қоқыссыз өзен: экология, спорт және қауіпсіздік» атты сенбілік – жастарды табиғатты қорғауға, су ресурстарына ұқыптылықпен қарауға және жазғы маусымдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға үндейтін маңызды шара. Бұл тек тазалық жұмысы емес, бұл – экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоғамдық жауапкершілікті арттыруға, әрі жастарды белсенді өмір салтына бейімдеуге бағытталған бастама. Әсіресе, суға түсуге рұқсат етілмеген жерлердің қаншалықты қауіпті екендігіне жастардың назарын аударту – қазіргі уақытта өте өзекті мәселе, – деді Ернар Бектаев.

Шара барысында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары арнайы оқыту сабағын өткізіп, суға түсу кезіндегі қауіпсіздік талаптары мен алғашқы көмек көрсету жолдарын түсіндірді.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» жобасы аясындағы жұмыстар Түркістан облысында биыл күшейтіле түсті. Аталған экологиялық бастаманың шеңберінде өңірдің барлық елді мекендерінде санитарлық тазалық жұмыстары қарқын алып, жүйелі сенбіліктер ұйымдастырылып келеді. Сондай-ақ, облыс көлемінде «Үлгілі ауыл» байқаулары өткізіліп, үздік елді мекендер анықталып жатыр.

Сонымен қатар, өңірде абаттандыру жұмыстары күшейтілді. Көшелер мен қоғамдық орындарды көріктендіру, ғимараттардың қасбеттерін жаңарту, жарықшамдар мен субұрқақтарды күтіп-ұстау, жол белгілерін ретке келтіру сияқты жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және діни нысандардың санитарлық жай-күйі де бақылауда.

Тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттырып, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін күшейту – Мемлекет басшысы алға қойған басты міндеттердің бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Previous Post

«Таза Қазақстан»: Сарыағашта коммуналдық мекеме қызметкерлеріне қолдау көрсетілді

Next Post

Түркістан облысында демалыс орындарының қауіпсіздігі мен тазалығы бақылауға алынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz